Танымал әнші Айдана Меденова әлеуметтік желідегі парақшасында тосын жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кейде бірге қалу емес, бір-бірін босата білу - ең дұрыс шешім", - деп жазды әнші.

Енді бір жазбасында өнер иесі "өз жолымды мен таңдаймын" деген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әншінің бұл жазбаларына түрлі пікір білдірген: "100 пайыз ажырасып кеткен сияқты", "Қалай түсінуге болады?", "Күйеуіңіз көрінбей кетті ғой".
Айта кетейік, Айдана Меденова KeshYOU тобының мүшесі ретінде танымал болды. Көпшілік оны "алтын құрамның" бірі ретінде жақсы біледі. Кейін әнші жеке өнер көрсете бастады.
Айдана Меденова продюсер Әлішер Нұржановпен шаңырақ көтерген. Олар үш бала тәрбиелеп отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz