- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бір бөлмелі үй...
"Бір бөлмелі үй берді де артымнан қалмай қойды". Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен қалай танысқанын айтты
Танымал әнші Мақпал Жүнісова жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды. Бұл туралы өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші жұбайын ең бірінші көрген сәт туралы әңгімеледі.
"1989 жылы. Анандай жерде отыр екен Зәкең марқұм. Жеткенше қолдың бәрі дірілдеп кетті. Ол кісінің мысы көзбен тескен кезде "ойбай" деп әрең жеттім столдың жанында. Маған тесіліп қарап отырды. "9 жыл болды общежитиеде тұрып жатырмын" деп қағазға жазып алып келгенмін. Бірінші очередьте тұрмын негізі квартираға. Бірақ күйеуге кім шығады "Гүлдерде" солар алып кете береді. Ана кісі қол қояды деп үміттендім. Ана кісі тыңдап отырды да, "ладно, иди, жиырма күннен кейін кел" деді. Шок болып қалдым. 20 күні несі? Бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатырмын ғой. Мен де тыныш отырмайтын қазақпын ғой. "Сіз маған да или нет деп айтыңыз. Бересіз бе пәтеріңізді, бермейсіз бе?" деп тақылдап тұрмын ғой. Ана кісі менің анадай сөзімнен шошып кетті. Ешкім олай сөйлемеген болуы керек. Орнынан ұшып тұра келді. "Иди там тебе объяснять" деді. Мен вообще шошыдым, "мынауың жынды екен" дедім. Өлсем де алдыңа келмеймін деп кеттім. Общежитиеға кетіп, өкіріп тұрып жыладым. Жарты жылдан кейін Жібек Әмірхановна деген кісі шақырып, "Мақпал, айналайын, дайындал, Мароккоға барасың, өлең айтасың" дейді. Аэропортқа барып, ұшайын деп кетіп бара жатсақ, бастықтар тұр. Жаңбыр сіркіреп тұр. Басында шляпа киген кісі тесірейіп қарап тұр екен. Көзім түсіп кетті. Гаухарға мына кісіні бір жерден көргенмін деймін. Ол кісіні шляпасыз көрдім. "Это же Нуркадилов" дейді. "Ойбай, бұл нағып жүр" дедім. "Біздің бастығымыз болып бара жатыр. Делегацияның бастығы осы кісі" дейді. Екінші рет көруім. Кейін бүкіл сырын маған ашты ғой. Зәкең мені әдейі қосыңдар деген. "Алдыма келген жоқ мына қыз, көрейін" деген", - деп еске алды ол.
Өнер иесінің айтуынша, Марокко сапарында оған үй беру туралы шешім шығарылған.
"Мароккода керемет қабылдады. Мекнес деген қаланың мэрі Мұхтар Масмуни деген кісі Гаухар екеумізді магазиніне апарып, киіндіріп, подарканы өлтіріп тұрып беріп, красавица болдық. 45 адам барған екен Алматыдан. Мен қалжыңбаспын. Солардың көздерінше "Құдай-ай десейші, мына жақтың мэрі бірінші рет көріп тұр, бірден бізді киіндіріп, красавица қылып қойды. Біз байғұс әлі общежитиеде тұрып жатырмыз. Қаланың бастығына барсаң "потом" деген сөз естисің" деп қалжыңдадым. Ана жерден отырған Зәкең замын ба біреуді шақырып алды. Бүкіл елдің көзінше "по приезду квартиру выдать" деді. Келгеннен кейін 3 айдан кейін Серік Сұлтанғалиев "Зәкең пәтер берейін деп жатыр" деп шақыртып алды. Сөзінде тұрды. Сөзінде тұрғаны құрсын, бір бөлмелі үйді берді де артымнан қалмай қойды ғой. Замдарын жібереді гүлмен, кәмпиттермен. "Жігітім бар ғой жындысыңдар ма, қайтіп барамын" деп қайтарып жіберемін. Сөйтіп жүргенде жігітімнің көзі құрып кетті", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова