- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бір блогер соңыма...
"Бір блогер соңыма түсіп алды". Айнұр Тұрсынбаева жан сырын ақтарды
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева "Теңдессіз дұға" подкасында өзінің артына түскен, әлеуметтік желіде өзі туралы жағымсыз жазбалар жазған блогермен арқатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, дұға жасап, нәтижесінде сол адаммен арақатынасы қалыпқа түскен.
"Бір блогер кісі менің соңыма түсіп алды. "Мынаны тыңдамау керек, мынау оңбаған, халықты тонап, шетелге кетіп" (деп - еск.) күнде мен туралы пост жазады. Содан сізге адам тиісе берсе не істеуге болады деп айтқан болатынмын. Сіз егер бір адам сізге тиісіп жатса, ол адам сіздің дұғаңызға мұқтаж деп айтқан болатынсыз. Мүлдем түсінген жоқпын. Дұғасына мұқтажы несі деп... Ол исламнан алыс адам, оған дұға мүлде керек емес деп. Ол мені жек көреді, өзі тиісіп жүрсе, мен оны жек көріп тұрсам, мен оны көргім келмей тұрса, қалай дұға жасаймын деген ой болды. Бір күні нәпсімді сындырып, дұға жасадым. Кейін ол адам да өз-өзімен кетті, мен де өзіммен-өзім кеттім. Ол кісі қатты танымал емес, бірақ ел жібере береді. Қалай дұға жасап бастадым, ол кісі менің көз алдымнан жоқ болып кетті, менің миымнан да шығып кетті", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова