“Бір аудан бүкіл елдің бренді үшін қай қаражатпен жол салады?“ - депутат Көлсай туралы

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов ішкі туризмді дамытуда бірізді саясат пен айқын бағдар жоқ екенін сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, 2024 жылғы тоғыз айда ішкі туризм бойынша 6 миллион адам саяхаттаған.

"Өкінішке қарай, даму жүйесіз, бірізді саясат пен айқын бағдар жоқ. Жауапты мемлекеттік органдардың өзара байланысы әлсіз. Мысалы Көлсай көлі - республикалық деңгейдегі нысан. Бірақ оған апаратын жолды жөндеу ауданның мойнында. Сонда аудан бүкіл елдің бренді үшін қай қаражатпен жол салады? ...Жалпы бұл саланы дамытуда жапон, Таиланд, Оман елдерінің тәжірибесін зерттеген жөн", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!