- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бір аптада тұрмысқа...
"Бір аптада тұрмысқа шықтым". Әнші Тамара Асар жолдасымен қалай танысқанын айтты
Фото:
Желіден
Әнші Тамара Асар "Ұйқым келмейді" бағдарламасында жолдасымен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, әкесі бірден келісім берген.
"Қазақстанды айналып жүрген адаммын ғой. Маған ешкім сенімді түрде "саған үйленемін" деген деп айтпады. Алғашқы кездесуде маған жолдасым солай айтты. Сол сөздің артынан жүре бердім. 7 күннен кейін өзі келіп "үйленеміз" дедім. Сонымен үйленіп кеттік. Әкеме видеомен көрсеттім, "осы жігіт сенікі" деді", - деді ол.
Әнші жолдасы қазақша үйреніп жүргенін айтты.
"Күйеуім Қостанайдан болса да жаны қазақ. Қазір қазақ тілін үйреніп қалды. Ажар қазақша сөйлейді. Сол арқылы үйреніп жүр", - деді ол
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы