Қызылорда облысында қарт кісілер некеге тұрды. Жұбайлардың бірінің жасы 75-те болса, әйел адам - 62-де, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңақорғандық Есенбай және Құлбике Ташкенбаевтар ширек ғасыр бойы бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқанмен некесін енді заңдастырып отыр. Күнделікті күйбең тірліктен оған уақыт та ауыспаған көрінеді. Онда да онлайн өтініш беруге немерелері көмектескен.
"Бұған дейін адамдардың "неге осы жаста үйленеді екен?" деген сөзінен ұялатынмын. Бірақ оның түрлі себептері болады екен. Бізде де солай болды. Тағдырымыздың тоғысқанына қуаныштымын. Қазір қолымызда соны дәлелдейтін неке қию куәлігі бар", - деді Құлбике Ташкенбаева.
"Азаматтарға арналған үкімет" МК облыстық филиалының дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері өңірде 3 224 жұп некесін қидырса, соның 23-і - жасы 60-ты алқымдаған жандар. Өткен жылы зейнет жасындағы 15 ерлі-зайыпты некесін заңдастырды.
Назерке САНИЯЗОВА,
Қызылорда облысы
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз