Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі ретінде танылған Гүлнұр Уахапқызы қызды болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен Гүлнұр Уахапқызы – Болат Назарбаевтың үшінші әйелі болған. Қазір ол өзбек кәсіпкері Азиз Ниязовтың жары.
Айта кетелік, Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсебаеваның (бұрынғы тегі) некесі 2009 жылғы 25 тамызда Алматы облысы Жамбыл аудандық АХАЖ бөлімінде тіркелген. Неке тіркелгеннен кейін Гүлнұр Дүйсебаева күйеуінің тегін алып, 2018 жылы Гүлнұр Назарбаеваның атына төлқұжат алған.
2021 жылы Болат Назарбаевтың өкілдері Гүлнұрды тегінен айыру бойынша істі Жоғарғы сотқа дейін апарған. Алайда Гүлнұр Назарбаева сот арқылы экс-жұбайының тегін сақтап қалды.
Еске салайық, Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы есірткіге тәуелділік қалай отбасын бұзғаны туралы айтқаны жарияланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!