Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс әріптесі Мадина Ералиева туралы "Уақыт көрсетеді" youtube-арнасында өз естелігін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, Мадина Ералиева үнемі асығып жүретін болған.
"Өмірден өтетін кезде адам сондай асығыс болады ғой деймін. Үнемі асығып келіп, асығып кететін. Өмірі көліктерін ауыстырып келетін. Сәнді киінетін. Қайғылы ән айтса, көзіне жас алып қалатын. Бірақ ол кезде 100 доллар бермейтін. Ол оранжировка үшін сондай ақша беретін. 100 доллар сол кезде көп ақша ғой", - деді ол.
Әнші әріптесінің қазасын ақпарат көздерінен естіген.
"Қайтыс болғанын ақпараттан естідік. Болат аға Назарбаевтың әйелі болды. Сонымен бірге жүрді", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз