Күн ысығанда, үй мен кеңселерде кондиционер көмекші құрал бола алады. Алайда кондиционерді дұрыс пайдаланбау және оны уақытылы, дұрыс күтіп ұстамау денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кондиционерді қолданудың басты салдары - дегидратация. Кондиционерді қосқанда, адам аз терлейтіндей көрінеді. Бірақ әрбір дем шығарған сайын өкпе судың едәуір мөлшерін жоғалтады, ал адам көп су ішкісі келмейді. Сондықтан кондиционерді қолданғанда көбірек су ішу маңызды.
Кондиционерді қолданудан туындайтын әрі жиі кездесетін мәселелер - ринит, фарингит және ларингиттің дамуы немесе өршуі. Сондықтан кондиционерді жиі емес, қажет болған кезде ғана қосып, оны орынсыз пайдаланбау маңызды. Пәтерлерде бөлмені алдын-ала салқындатып алған дұрыс.
Кондиционер сүзгілеріне дұрыс күтім жасамау салдарынан микробтар жиналуы мүмкін. Олар аурулардың дамуын күшейтуі немесе қоздыруы мүмкін.
Терлеу - ыстыққа қарсы қорғаныс механизмі. Кондиционерді шамадан тыс пайдаланған кезде бұл процесс бұзылады, бұл тітіркену және дерматит сияқты тері реакцияларына әкеп соғуы мүмкін.
Бөлме үнемі салқын болса және ылғал деңгейі төмен болса, бас ауруы да мүмкін. Өйткені мұндай орта ағзаға өз әсерін тигізбей қоймайды.
Кондиционерді пайдаланған кезде мына жағдайларды есте сақтау керек:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз