Биыл мүгедектігі бар адамдарға қанша теңге көлемінде жәрдемақы төленеді?

2025 жылы ел азаматтарына 746 млрд теңгеге жуық көлемде мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлем төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қанша адам көмек алды?

2025 жылғы қорытындыға сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар саны - шамамен 553,9 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны - шамамен 191,9 мың адам.

Көмектің мөлшері

Биыл мүгедектігі барларға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мынадай:

  • 1-топ үшін 111 872 теңге;
  • 2-топ үшін 89 498 теңге;
  • 3-топ үшін 61 021 теңге.

Еңбекке қабілетінен айырылғандарға әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері - 72 409 теңге, асыраушысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем мөлшері - 73 306 теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!