Биыл 31 желтоқсан демалыс бола ма?

Жаңа жыл алдындағы қарбалас жақындаған сайын әдеттегідей көпшілікті "31 желтоқсан демалыс бола ма?" деген сұрақ мазалайтыны анық. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сауалға ресми жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, "Мерекелер туралы" заңға сәйкес тек ұлттық және мемлекеттік мерекелер демалыс күндері болып жарияланады. Мұндай әрбір күн - жай ғана қосымша демалыс күні емес, маңызды тарихи, мәдени немесе қоғамдық-саяси оқиғаларға арналған күн. 

Жаңа жыл (1-2 қаңтар) - мемлекеттік мереке, ал 31 желтоқсан заңда белгіленген ұлттық және мемлекеттік мерекелерге жатпайды. Сондықтан бұл күн демалыс болып есептелмейді.

Алайда қолданыстағы еңбек заңнамасы жұмыс берушілерге қызметкерлердің жағдайын жасау үшін толық еркіндік береді. Ол үшін заңдарға өзгеріс енгізуді күтудің қажеті жоқ, мәселені компания ішінде де шешуге болады.

Компания қызметкерлерді 31 желтоқсанда қалай ресми түрде жұмыстан босата алады:

  • Қысқартылған күн: жұмыс уақытын бірнеше сағатқа азайту.
  • Ыңғайлы кесте: бұл сағаттардың орнын бір ай ішінде алдын ала өтеуге рұқсат беру.
  • Толық демалыс күні: 31 желтоқсанды ұжымдық шарт немесе жұмыс берушінің ішкі актісі арқылы қосымша мереке/демалыс күні ретінде бекіту.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!