Екі басы бар акула табылды

Екі басы бар акула табылды

Мемлекеттік Мичиган университетінің ғалымдары екі басты, алты желбезекті акула тауып алды. Бұл туралы зерттеушілер Journal of Fish Biology журналында жазды. Қос басты жануар 2011 жылдың 7 сәуірінде табылған екен. Бірақ ол туралы тек қазір белгілі болып отыр.

Бұған дейін бірнеше рет қос басты көк және куний акулалары табылған болатын. Бірақ олардың арасында алты желбезектілері кездеспеген еді.

Ғалымдардың айтуынша, екі басты тіршілік иелерінің тым аз табылатындығын себебі, олардың өмірі өте қысқа болады. Әдетте бұндай балықтар туа сала өліп кетеді.

ап

Ал бұл жолы алты желбезекті акула ересек акуланың құрсағынан табылды.

Балық Мичиган университетінің лабораториясына жеткізіліп, тыңғылықты зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жыртқыштың екі жүрегі және екі асқазаны бар екендігі анықталды. Бұндай құбылыстың себебі туралы сөз болғанда мамандар оны Мексика шығанағындағы судың ластануымен байланыстыруға асықпай отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mirfactov.com, zhelezyaka.com

Massaget