Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қымыздың түрлерін білесіз бе?

Қымыздың түрлерін білесіз бе?

Қымыздың түрлерін білесіз бе?

Халқымыз әдетте жылқы қымызын дайындау әдісіне, сапасы мен сақталу уақытына, дәміне қарай отырып бірнеше түрге бөледі.

Саумал – жаңа сауылған әлі піспеген қымыз.

Уыз қымыз – бие алғаш байланып, жаңадан ашытылған қымызды айтады.

Бал қымыз – жылқының сүрі қазысын қосып, әбден бабына келтіріп пісілген қымыз. Бұл басқа қымызға қарағанда сары әрі қою, дәмді, жұғымды, тұщы болады.

Тай қымыз – бір күн сақталған қымыз.

Құнан қымыз – екі-үш күн сақталған, толық ашытылған қымыз.

Дөнен қымыз – үш-төрт күн сақталған өте күшті қымыз.

Бесті қымыз – 4-5 күн сақталған, ашуы әбден жеткен қымыз.

Мұнымен қатар шөп буыны қатып, күзде сауылатын қымызды «Сары қымыз» дейді.

Қыста қысыр биелерді қолда ұстап, сауып оны «Қысырдың қымызы» деп атайды.

Қулық биенің (Алғаш құлындаған бие) қымызын «Қысыраудың қымызы» дейді.

Бұрынғы қымыздың үстіне саумал қосылса оны «Түнемел қымыз» дейді.

Бірнеше күн сақталып, бапталған қымызға үстемелеп саумал қосылса оны «Қорабалы қымыз» деп атайды.

Сірге жияр қымыз – бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.

Бұдан сырт «Шалжығар қымыз» деген бар. Бұл бесті қымыздан да күшті, әрі ұзақ сақталған қымызды айтады. Ішкен адам бірден мас боп қалатындықтан «Шалжығар қымыз» деп аталған болуы мүмкін.

Бұдан басқа да әр жер, аймақ ерекшелігіне қарай аталатын қымыз түрлерін білсеңіз пікір қалдыра отырыңыз. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: wikimedia.org

4727 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 09 наурыз 2013, 13:13
Пікірлер
+0
09 наурыз 2013, 14:06

Өте пайдалы жазба, этнографиялық білім әрқайсымызда бар деп айта алмаймын

+0
09 наурыз 2013, 14:11

Мұнша түрін білмеппін. Қымыз ішкім келіп кетті ғой

+0
09 наурыз 2013, 14:39

менің де

+0
10 наурыз 2013, 01:38

ішіп көруім керек осы қымызды...

+0
11 наурыз 2013, 10:37

сақтап алатын ақпарат екен, рахмет!

+0
13 наурыз 2013, 16:41

Ех, шіркін...

+0
30 наурыз 2013, 02:36

табиғи қымызды ішіп көрмедім.Дүкендерде қымбАт.Дүкендегі қымыз Қымыз тәбітім ашылып кетті ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев