- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Сан сиқыр санда...
Сан сиқыр санда жатыр
Сіздің жұлдызыңыз қай уақытта жанады? Сіздің жұлдызыңыз үш жетілік тұрған кезде немесе үш жетілік жаныңыздан табылған кезде жанады... Жетпістегі шал мен жетідегі балаға дейін әр күн сайын өз өмірлерінен қасиетті жетіліктерді іздеп жүреді. Ғасыр орнатқан қасиеті әлі төмендер емес. Біз де төмендетпек емеспіз.
Әйгілі мақал-мәтелдерді еске түсірсек: "Жеті рет өлшеп, бір рет кес"; "жігітке жеті өнер де аз"; "жұт жеті ағайынды"; "жеті қат аспанның астында"; "жетінші түйсік", т.б.
Айналамызда: аптадағы жеті күн, кемпірқосақтың жеті түсі, Жер пайда болудағы жеті күн, музыкалық гамманың жеті нотасы;
2007 жылдың 7 шілдесі - кездейсоқтық деуге келмейтін, мың жылда бір кездесіп отыратын үйлесім. Дәл осы күні әлемдегі той күні санынан рекорд орнаған.
777 саны - аспани ілімге ден қойған сиқыршылар мен адамдардың саны. Бұл санның басты құпиясы - 3 пен 7 санының ұжымдасуы;
Гималай философтары үш жетілікті сана сергектігімен салыстырады. Иә, адам өмір мәнін түсінген сәт болса...
Құмар ойындағы үш жетілік етене таныс шығар. Ойынхана тәртібі бойынша, 21 ұпай жинаған (үш жетілік арқылы) ойыншыға бонус беріледі.
Алып-қосарыңыз бар ма?
сурет:affpro.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига