Роботтар білім беру саласында қолданыла бастады

Роботтар білім беру саласында қолданыла бастады

Жапон елінде ақылды құлтемірлер бастауыш сынып оқушыларына дәріс бере бастады. Олар оқушылардың бет-әлпетіне қарап, олардың аттарын есіне сақтай алады екен. Жапон NHK қоғамының 5 ақпандағы ақпараттарына сенсек, төменгі сынып оқушыларының үйренуге деген ықыласын арттыру үшін Жапон астанасындағы бір бастауыш мектепте робот негізгі оқытушыға көмекші ретінде жұмыс жасай бастаған.

Құлтемір 5 сыныпта оқитын 110 оқушының жүзіне қарап оларды тани алғанымен қоймай, жаңылмай бәрінің аттарын айта алады екен. Сонымен бірге бұл «ұстаздың» миына аталған негізгі пәннің 200-ден аса сұрақтары орнатылғандықтан, оқушылар одан өз пәніне қатысты кез келген сұрақтарды сұрап әрі жауап ала алады екен. 

 Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: nerws.com

M. Auelkhan