145 мың долларлық ойыншық

145 мың долларлық ойыншық

FMCG International компаниясы «Формула 1» жарысының симуляторын жасап шығарды. Толықтай спорт болид есебінде жасалған «гаджетті» жасаушылар оны 145 000 АҚШ долларына бағалап отыр. Аталған құрылғы көлік корпусы, үш 23 дюймдік теледидар мен 5,1 каналдық акустикадан құралған.

Ойыншық көліктің қозғалтқышы есебінде оған Intel Core i7 процессоры (SSD жинақтауыш, операциондық есте сақтау 16 ГБ, қуат көзі 1200 Вт ) бар жүйелік блог орнатылған. Сондай-ақ, оған сымсыз тышқан мен пернетақта қамтылған екен.

Сатып алудан соң компания инженерлері бүкіл конструкцияның қондырғыларын жүргізушінің қалаған күйіне келтіреді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: automotto.com

Ж. FM