Lenovo өзінің жеке смартфонын шығарады

Lenovo өзінің жеке смартфонын шығарады

Қытайлық Lenovo компаниясы үстіміздегі жылы Windows Phone 8 операциялық жүйесіндегі өздерінің жеке смартфондарын шығаратынын айтты.

Бұл туралы Lenovo компаниясының Mobile Internet and Digital Home (Мобильді және цифрлық интернет) бөлімінің вице-президенті Джей Ди Говард ZDNet Asia баспасына айтқан. Оның сөзіне қарағанда, Lenovo компаниясы нарықтағы тұтынушылардың ыңғайына қарап жұмыс істейді екен. 

Сондай-ақ, компания Android тұтынушыларының шағымдарын ескере отырып, жаңа смартфондарды Windows Phone 8 операциялық жүйесінде жасайтынын да жасырған жоқ.

Айта кетейік, Windows Phone 8 жүйесіндегі Lenovo компаниясының жеке смартфондары 2013 жылдың сәуір айынан бастап шығуы мүмкін. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: kurs.ru

Ю. НИКУЛЛИН