Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Нобель сыйлығы неліктен математиктерге берілмейді?

Нобель сыйлығы неліктен математиктерге берілмейді?

Нобель сыйлығы неліктен математиктерге берілмейді?

Бүгінде әлемде берілетін ең беделді де танымал сыйлардың бірі "Нобель сыйлығы" екені бәрімізге мәлім. Танымалдығы сонша, оның қай жылы құрылғаны, кімнің құрғаны, қандай мақсатпен құрылғаны жайлы, тіпті қандай номинациялардың бар екенін көбіміз білеміз.

Алайда, бұл сыйлықтың құпиялары да жетерлік. Мәселен, "Неге Нобель сыйлығы математикада жеткен жетістіктерге берілмейді?" деген сұрақтың жауабы әлі күнге дейін көпшілікті мазалап келгенімен, бізге белгілісі тек ғалымдардың пайымы ғана. Ендеше, солардың ең танымалдыларына көз жүгіртсек.

Бірінші франк-америка нұсқасы: атақты швед математигі, Петербург ғылым академиясының мүшесі Миттаг-Леффлер кезінде Альфред Нобель әйелінің көңілін табуға талпынған екен. Алайда "қыз жүрегін жаулау" формуласын білмеген математик бірнеше сәтсіздікке ұшыраса да, өз дегенінен қайтпаған көрінеді. Уақыт өте келе мұны білген сыйлық құрылтайшысы Миттаг-Леффлер мен ол айналысқан ғылымнан кек алмақ оймен өз өсиетінде математиканы жазбай кетеді.

Швед халқының нұсқасы: келешек ұрпаққа қалдырылған өсиеттің құрылуы кезінде Миттаг-Лаффер швед математикасында сөзсіз үздік болған екен. Мұны білген Нобель математиканы сыйға енгізу арқылы Миттаг-Леффлерге "Нобель сыйлығы" иегері атануға айтарлықтай мүмкіндік жасайтынын түсінген. Оған қоса, Нобельдің Миттаг-Леффлерді белгісіз себептерге байланысты жеке өмірде де жек көргені мәлім.

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 01 мамыр, 15:35

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.