Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл

Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл

Шыны – жиі қолданылатын материал. Тағам салатын ыдыстан бастап дәрі-дәрмектің қаптамасы, үйдегі терезе, зертханадағы сынаманың бәрі – осы шыныдан жасалады. Химия сабағында тәжірибеге қолданатын манзурка мен колба (жұмыр сауыт) да, химиялық эксперименттер жасалатын зертханалардың да бұйымдары шыныдан құрастырылған.  

Химиялық реакцияның белсенді қосындыларының көбі қышқылдар екені белгілі. Олар – металды, тұз бен сілтіні ерітіп жіберетін сұйықтық. Алайда шыныны еріте алмайды. Басты себеп – шынының өзі қышқылданған сұйықтық екенінде. Яғни, шыны дегеніміз – кремнийді қышқалдындырып жасаған өнім. Оны одан әрі қышқыл қосып еріте алмайтынымыз содан. Оның үстіне, шыныдағы кремний мен оттегінің қосылысы өте мықты, оңай үзілмейді.

Алайда табиғатта шыныны еріте алатын бір қосынды бар: ол – фторлы сутек қышқылы (HF), фтор мен сутегінің суға қосылған ерітіндісі. Оны кейде балқытқыш қышқыл деп те атайды. Фторлы сутектің химиялық реакциясы өзге қышқылдарға қарағанда сәл басқаша жүреді. Яғни, оттегінің атомы фтормен біріккенде, қышқылдың өзі одан әрі "қышқылданып" шыға келеді – (SiO2+4HF=SiF4 (стрелка жоғары) + 2H2O). Нәтижесінде кремний тетрахлориді (газ) мен су пайда болады.

Фторлы сутек шыныны ерітіп жіберетіндіктен, пластик не тефлон ыдысқа құйылып сақталады, сатылады.

Балқытқыш қышқыл, шын мәнінде, күшті қышқыл емес, әсері баяу. Бірақ уытты. Теріге, денеге тамып кетсе, бірден білінбеуі мүмкін, тез сіңіп не жоқ боп кетеді. Бірақ біраз уақыттан кейін тамған жері ойылып, қатты ауырады. Ісіп, химиялық күйік шалуы мүмкін.

Күйіктің белгілері кейде бір күннен кейін де шығуы мүмкін. Егер фторлы сутегінің теріге көп мөлшері тамып кетсе, адам өліп кетеді. Оның уын қайтарар еш дауа жоқ.

Өндірісте балқытқыш қышқыл шыны мен әйнекті ерітуге, қымбат, сирек кездесетін металды тау жынысынан ажырату ісіне еріткіш ретінде қолданады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Құз-қияда"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Құз-қияда"
Ең ерекше галактикалар
Ең ерекше галактикалар
Салқын душтың 5 пайдасы
Салқын душтың 5 пайдасы
Ғасырдың жұмбақ қастандығы. Джон Кеннеди өліміне қатысты 10 болжам
Ғасырдың жұмбақ қастандығы. Джон Кеннеди өліміне қатысты 10 болжам
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Қазақстан гимназиадасы өтіп жатыр
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Қазақстан гимназиадасы өтіп жатыр
Назарбаев университеті қай бағыттар бойынша білім береді?
Назарбаев университеті қай бағыттар бойынша білім береді?