Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Көк тудың желбірегені...

Көк тудың желбірегені...

Көк тудың желбірегені...

Әлемнің ең ерекше тулары туралы мәліметтерден хабардар болсаңыз, ту туралы тағы да бір қызықты деректер топтамасымен таныса жүріңіз.

1. Ең алғашқы тулар Қытай мен Үндістанда пайда болып, кейіннен бүкіл әлемге тараған. Олардың тым ерте пайда болғандығы соншалықты, ең алғашқы тудың қандай болғанын дөп басып айту қиын. Десе де, Даннеброгты (Данияның жалауы) – әлем халықтары ең көне ту деп таниды әрі ол әлі күнге дейін қолданылып келе жатыр. Дәл осы атаққа аустралиялықтар да таласуда, бірақ, ғалымдар олардың рәміздерінің пайда болуын 1230 жылға жатқызып отыр.

2. Әлемдегі ең ерекше әрі ең көрікті тулардың бірі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Ту сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының ара қатынасы - 1:2.

Мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс - Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран елдің еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

3. Семафор-тулар – бұл алшақтан ақпарат жеткізу үшін қолданылатын көзбен көруге болатын дабыл қаққыш. Жалауды жалаңаш қолмен немесе қолғаппен көрсетуге болады. Мұндай семафорлар теңіз әлемінде 1800 жылдардан бері қолданылып келе жатыр. Мәселен, ең алғашқы семафорлы дабылдар Трафальгардағы айқастарда қолданылды. Қазіргі күні семафор-тулар төтенше жағдайлар кезінде күндізгі уақытта қолданылып келеді, ал түнде олардың орнына жарық шығаратын арнайы таяқшалар пайдаланылады.

3. Тікбұрышты емес ту. Непал жалауы – әлемдегі ең ерекше жалау. Бұлай дейтініміз, непалдықтардың мемлекеттік рәмізі тікбұрышты емес. Жалау екі бөлек матадан құрастырылған. Оның таңқурай түстісі – мемлекеттің ұлттық гүлі саналатын тау раушанының түсін білдіреді. Және қызыл түс – соғыстағы жеңістің, бейбітшіліктің нышаны. Ту ХІХ ғасырдан бері қолданысқа түсіп келе жатыр.

4. Ақ ту – татуласудың немесе отта тоқтатудың және келіссөз жүргізуді сұраудың халықаралық белгісі. Яғни, ақ ту – жақындап келе жатқан елшінің қарусыз екендігін, оның берілуге немесе мәмілеге келе жатқандығын білдіреді. Ақ туды көтерген жақ шабуыл жасай алмайды және оған оқ атуға болмайды. 

Ақ түсті тудың жаугершілік замандарда атқарған қызметі аса жоғары. Бұл қасиетті ту қаншама қанды қырғын соғысқа нүкте қойып, қаншама ұлтты татуластыра білді.

5. Марс туы – планетаны таныстырушы триколор. Оның ешқандай заңды күші болмаса да, туды марстық және планетарлық қауымдастықтар мақұлдаған. Туды ойлап табудағы басты мақсат – Марстың «болашақ тарихын» бейнелеу. Қызыл жолақ – Марстың бүгінгісі. Жасыл және көк жолақтар - адамзаттың алға қойған міндеттері. Алайда ол жоспарлар әлі күнге дейін өз мәресіне жетпей келеді.

Суреттер:arstyle.org,kolizej.at.ua, travelplanet.by, yaplakal.com, abali.ru, wallpampers.ru, stranz.ru, hameleons.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

20699 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2012, 11:04
Пікірлер
+0
04 желтоқсан 2012, 21:17

естімеген елде көп...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...