Құбыр суы несімен қауіпті?

Құбыр суы несімен қауіпті?
Фото: ysia.ru

Құбыр суын ішпеу керегін білгенімізбен, бұл тыйымның не себепті салынғанын біле бермейміз.  Құбыр суы несімен адам денсаулығына зиян? 

Су ресурсы жетіспеушілігінен ірі қалалардағы су арнайы хлорлы тазалаудан өтеді. Хлор түрлі ауру тасымалдайтын бактерияларды өлтіріп, микроағзаларды жояды. Дегенмен, су құрамына түскен зарарсыздандыруға арналған зат түрлі химиялық қосылыстарды түзеді.

Хлордың иісі қатты шықпаса да, су құрамында натрий гипохлориті болады. Ол ауру тарататын бактерияларды 99%-ға өлтіреді. Соған қарамастан, өлген бактериялар хлороформ және тригалометан секілді органикалық затты тудырады. Адам денесінде жиналған бұл қосылыстар асқазан-ішек жолы мен тыныс алу жүйесіне айтарлықтай зиянын тигізеді. 

Құбыр суы қатерлі ісікке себеп болатыны рас па?
Пәтерге жеткенше су арнайы тазалау станциясынан бастап түрлі құбырлардан өтеді. Бактериялардың бөлігі хлор арқылы зарарсыздандырғанымен, барлық микроағзаны жою үшін көп мөлшерді сілті керек болады. Онда тек микроағзалар емес, сіз де өмір сүре алмайсыз. 

1976 жылы америкалық зерттеушілер ұзақ уақыт пайдалану барысында хлороформның тышқандарға әсерін зерттеген. Зерттеу нәтижесі онкологиялық аурулар мен гормондардың бұзылуына әкелген. Құбыр суын белгілі бір тазалаусыз не шексіз қолдануы жатырға біткен ұрықты да өлтіре алады. 

Сондықтан, құбыр суын пайдаланатын болсаңыз арнайы тазалағыш құралды пайдалануға кеңес береміз.

Т. Есқали