Серотонин – бақыт гормоны

Серотонин – бақыт гормоны
Фото: freepik.com

Серотонин – біз білетін «бақыт гормоны». Бұл гормон қажетті деңгейде бөлінбесе, адамның күйзеліске ұшырау қаупі артады. Алайда, бәрі біз ойлағандай емес.

Алғаш рет серотонинді 1935 жылы Витторио Эрспамер ашқан болатын. Италиялық фамоколог оны асқазан-ішектің сілекейлі қабығынан тапқан болатын. Ұзақ уақыт бойына оны адреналиннен ажырата алмай қиналған екен. Кейін оның бөлек гормон екені 1953 жылы америкалық нейрофизиологтар Ирвин Пейдж және Бетти Твэрэг мидан тапқаннан кейін ғана белгілі болды.

Серотонин – триптофан аминқышқылының туындысы, мида басқару қызметін атқарады. Ол бір жүйке тізбегінен екіншісіне ақпарат тасымалдайды және жүйке жасушаларының өзара қарым-қатынасын нығайтады. Мидың жұмысын реттей отырып, ұйқыға, тәбетке, бұлшық етке және адамның мінезі мен көңіл күйіне әсер етеді.

Көптеген мамандар адамдарда кездесетін эмоциямен байланысты мәселелердің мидағы осы заттың бұзылуымен байланыстырады. Күйзеліс, мазасыздық жағдайында серотонинге әсер ететін препараттар тағайындалады. Есірткі де сол секілді, тек олар адамдағы тәуелділікті оятып, одан да күшті әсер береді.

Т. Есқали