Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Стив Джобстың өмірінен суреттер сыр шертеді

Стив Джобстың өмірінен суреттер сыр шертеді

Стив Джобстың өмірінен суреттер сыр шертеді

Стивен Пол Джобс (Steven Paul Jobs) - американдық өнертапқыш, кәсіпкер және Apple корпорациясының негізін салушыларының бірі. 1955 жылы 24 ақпанда Сан-Франциско қаласы, Калифорния штатында дүниеге келген. Стив Колифорния штатындағы Купертино қалашығында мектепті бітірген. Сабақтан соң Hewlett-Packard компаниясы өткізетін дәрістерге қатысып жүрді. Дәріс алып жүріп ол өзінің аттасы Стив Вознякпен танысады және жазғы демалыс кезінде екеуі бірге жұмыс істейді. Стив Джобстың өмірі жайлы фотосуреттер сыр шертсін.

1977 жыл. Apple компаниясының негізін салушы Стив Джобс жаңа Apple II компьютерін халық назарына ұсынды. Купертино, Калифорния штаты.

1984 жыл. Солдан оңға: Apple Computers компаниясының өкілі Стив Джобс, президент пен атқарушы директор Джон Скалли және Apple негізін салушылардың бірі Стив Возняк жаңа Apple IIc компьютерін халыққа ұсынып жатыр. Сан-Франциско. (AP Photo/Sal Veder)

1984 жыл. Apple Computer компаниясының өкілі Стив Джобс жаңа “Macintosh” компьютерін акционерлерге көрсетуде. Купертино, Калифорния штаты. (AP Photo/Paul Sakuma)

1990 жыл. NeXT Computer Inc. атқарушы директоры мен Президенті Стив Джобс жаңа NeXTstation компьютерлерін халыққа ұсыну үстінде. Сан-Франциско. (AP Photo/Eric Risberg)

1997 жыл. Pixar компаниясының атқарушы директоры Стив Джобс MacWorld атты шоуда өз пікірін білдіріп жатыр. Сан-Франциско. (AP Photo/Eric Risberg)

1998 жыл. Apple Computers бастығы Стив Джобс жаңа iMac-тың презентациясын өзі жүргізді. Купертино, Калифорния штаты. (AP Photo/Paul Sakuma)

2004 жылы Apple компаниясының басты директоры Стив Джобс Сан-Франциско қаласында өткен Macworld Expo конференциясында жаңа iPod mini музыкалық ойнатқышын жариялады.

(AP Photo/Marcio Jose Sanchez)

Ұйқы безі ісігі ауруына шалдыққан Стив Джобс  өте тез  арықтай бастайды. Жоғарыдағы  солдан оңға қарай  суреттер 2000 жылдың шілдесінде, 2003 жылдың қарашасында және 2005 жылдың қыркүйек айында жасалса, астындағы фотолар 2006 жылдың қыркүйегінде, 2007 жылдың қаңтары мен 2008 жылдың қыркүйегінде түсірілген. Стив ауру кесірінен жұмыс істей алмай, ұзақ мерзімді демалысқа шыққан. 2009 жылдың қаңтарында компанияның акциялары 10 %-ға төмендеген.

2007 жыл. Сан-Францискода өткен Macworld конференциясында Стив Джобс Apple-дың жаңа өнімі Apple iPhone-ды ұсынып жатыр. (AP Photo/Paul Sakuma)

2008 жыл. Apple бас директоры Стив Джобс Сан-Францискодағы кезекті MacWorld Apple конференциясында жаңа MacBook Air-ді көрсетіп жатыр. (AP Photo/Jeff Chiu)

2010 жыл. Стив Джобс пен жаңа iPad. (REUTERS/Kimberly White)

2011 жылдың қазан айында 56 жастағы Стив Джобс қайтыс болды. Нью-Йорк, Apple Store. (AP Photo/Jason DeCrow)

 

Форумда талқылау.

0
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 09 ақпан 2012, 18:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->