А дәрумені не үшін керек?

А дәрумені не үшін керек?
Фото: polzavred.ru

Денемізде болып жатқан жағымсыз өзгерістердің барлығын біз ағзадағы дәрумен жетіспеушілігімен байланыстырамыз. Бірақ, дәл сол дәрумендер туралы не білеміз? Бүгін ағзадағы маңызды А дәрумені туралы ақпаратпен бөлісеміз:

А дәрумені не үшін керек?
А дәрумен —  иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне қажетті маңызды биологиялық қосылыс, сонымен қатар зат алмасу үрдісінің жұмысын тұрақтандырады. А дәрумені ретинол формасына ену арқылы ағзадағы барлық ұлпада (сүйектен бастап, бұлшық ет, ішкі ағзалар, тері мен тіс) кездеседі. Өсу мен жарақат (ауру) жазылуды қамтамасыз етеді.

А дәруменінің маңызды қазметтерінің бірі ағзадағы бос радикалдарды байланыстыра отырып, олардың жағымсыз әсерін азайтады. Одан бөлек, қартаю және рак жасушаларының даму үрдісін баяулатады.

А дәрумені сау тері үшін:
Ретинол (А дәрумені) тері жасушалары мен ұлпаларының саулығын нығайту үшін, сонымен қатар, жарақаттан соң тез қалыпқа келуі үшін қажет. Ретинолдың маңызды қызметтерінің бірі – ағзадағы ұлпалардың қалпқа келтіруші коллаген синтезін жылдамдатады. Еске сала кетейік, жас ұлғаған сайын коллоген синтезі баялайды да, нәтижесінде теріге әжім түсе бастайды.

Косметика мен арнайы жақпай майлардың құрамында А дәруменінің аналогы саналатын ретиноидтар болады.

А дәруменінің күндік нормасы:
Ер адамдар үшін – 900 мкг;
Әйел адамдар үшін – 700 мкг;
Жасөспірімдер – 600 мкг;
Балалар – 300-400 мкг көлемінде тұтыну керек. Жүктілік кезінде әйел адамдарға күнделікті нормадан сәл көбірек қолдануға рұқсат етіледі.

А дәурменің үздіксіз көп мөлшерде қолдану интоксинация, яғни, ағзада ыдырамай жиналып, улы затқа айналуына алып келеді.

А дәруменінің жетіспеушілігі: белгілер
Жартылай өнделген өнімдер, ұнды тағамдар, дәнді дақылдарды үздіксіз қолданысы А дәруменінің ағзадан қашуына алып келеді. Майсыздандырылған өнімдер жағдайды ушықтырып, ағзадағы бар А дәруменінің жойылуына алып келеді.

А  дәруменінің жетіспеушілігі адам иммунитетіне айтарлықтай әсер етеді: үздіксіз аурулар, тұмау мен жұқпалы дерттерге жиі шалдығу. Одан бөлек, көздің көруіне де әсер етеді. Тері құрғай түседі, шаш түсіп, тырнақ сынғыш болады.

А дәруменіне бай тағамдар:
А дәруменінің негізгі көзі – ет өнімдері, одан бөлек,  уылдырық, балық және өзге де жануарлардың бауырларында, жұмыртқа, ірімшіктің барлық түрінде, сары май мен майлы сүзбеден алуға болады.

Көкөніс  пен жемістерде А дәрумені кездекенімен, олардың мөлшері өте аз. Сондықтан, ет пен сүт өнімдерінен бас тартпаған жөн.

Т. Есқали