Бір бота туса, бір түп жусан артық өсер...

Бір бота туса, бір түп жусан артық өсер...

Бүгін біз Ойсыл қараны пір тұтқан түйе жануары туралы сіз бен біз білмейтін қызықты мәліметтерді ұсынып отырмыз. Ендеше, білімге білім қосыңыз!

Екінші дүиежүзілік соғыс кезінде түйелерді арбаға жеккен. Өйткені ол кезде көлік пен ат тапшы болып, жүк тасуға амалсыз түйелерді пайдаланған. Соғыс даласына сапар шеккен 350 түйенің көбі жорық даласында қаза табады. Ал Яша есімді түйе әскерлермен бірге Берлинге дейін жеткен.

Түйелер шөлге төзімді. Неге? Өйткені олардың сусыз ұзақ уақытқа шыдауы ағзаларындағы эритроциттердің құрылымына байланысты. Түйелердің эритроциттері жұмыр пішінді, сондықтан олар көп мөлшерде ішіп алған суларын көп уақытқа жеткізіп, үнемді қорек етеді.

Түйелер қанша мөлшерде су ішеді? Бұл ерекше тіршілік иелері бір ішкенде 200 литрдей су ішіп қояды.

Түйелер төрт аяғын екі жаққа да тең бүгіп отыра алады.

Түйелердің еріндері ерекше формалы. Олардың жайылып, асқазан қамымен қорек жинауына еріндерінің атқарар рөлі орасан.

Егер түйелер демалмақ болып, бір шөксе, оны қайта тұрғызу – қиямет-қайым іс. Ол өз қалауымен тұрмаса, жай айқай мен соғуға тұра қоймайды.

Солтүстік Африка жұртшылығы үшін түйелер – қасиетті жануарлар.

Түйелердің түкіруінен сақтанғайсыз! Олар үнемі асқазандарынан керексіз сөлдерді сыртқа шығарып, түкіріп тұрады.

Олардың терілері күн сәулелерін кері қайтарады. Сондықтан олар шөл даланың температурасына төзімді.

Түйелер сиырлар сияқты күйіс қайырады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: lifeglobe.net

А. Әбілхан