- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Өзін-өзі дамытуға арналған...
Өзін-өзі дамытуға арналған 7 сайт
Фото:
ethicor.com
Адамға даму үшін өзіне деген ішкі сенім керек. Ерік-жігеріңіз мықты болса, тегін курстардың өзі сіздің даму сатыңызды арттырары анық. Сондықтан, Massaget.kz жастар порталы сіздерге дамуға арналған 7 сайттың тізімін ұсынады:
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: видеолекциялар
Тілі: ағылшын, орыс тілді субтитрлер
Форматы: видеолекциялар
Тілі: ағылшын, орыс тілді субтитрлер
TED Talks сайтында сіз «Экономика және финанс» курсынан өтпейсіз, бірақ, өзін-өзі дамытуға арналған таптырмас сайт. Бұл жерде ғалымдар, жазушылар, актер мен саясаттанушылардың монологін қарап, оларға сәйкес ой түюіңізге болады. Ғылыми тақырыптар оқуға деген құштарлығыңызды оятса, мотивация өзіңізге деген сеніміңізді жетілдіреді.
KhanAcademy
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: видеокурстар
Тілі: ағылшын, орыс тілді субтитрлер
KhanAcademy
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: видеокурстар
Тілі: ағылшын, орыс тілді субтитрлер
Гарвард және Массачусетс техникалық институтының түлегі Салман Хан KhanAcademy курсының негізін қалады. Интернетке кіру мүмкіндігі бар адамдардың барлығына сапалы білім беру жүйесін қалыптастыруды ойға алған Салманның идеясы бүгінде университет пен мектептерде қолданылады.
TheQuestion
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: мақалалар
Тілі: ағылшын, орыс тілді
TheQuestion
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: мақалалар
Тілі: ағылшын, орыс тілді
Сұрақ қойып, оған жауап алуға мүмкіндік беретін сайт. Сұраққа қысқа жауап беруге болмайды. Сондықтан, толық әрі нақты жауапты арнайы мамандар береді. Психолоия, білім, ғылым мен өзін-өзі дамыту бағытындағы ақпараттар таба аласыз.
750 words
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: мақалалар
Тілі: ағылшын, өз тіліңізде
Жазушы боламын деушілер үшін таптырмас сайт. Күн сайын 750 сөзден тұратын эссе, шағын шығарма жазып тұруыңыз керек. Ойыңызды, көңіл-күйіңізді, арманыңыз бен идеяңызды жазыңыз. Бұл – сіздің жаттығу алаңыңыз.
Google Академия
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: кітаптар
Тілі: ағылшын, қазақ, орыс тілінде
Ғылыми әдебиет бойынша нұсқаулықтар мен іздеу мүмкіндігі. Өзіңіздің жеке кітапханаңызда жасақтау мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, кітаптар, журналдарды PDF форматында оқи аласыз.
Slideshare
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: слайд-шоу
Тілі: ағылшын
Slideshare
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: слайд-шоу
Тілі: ағылшын
Бұл – қызмет түрлі тақырыптағы слайд-шоулардың жинағы. Іздеу қызметі арқылы өзіңізге қызықты тақырыптағы слайдтарды табыңыз немесе слайдты жасау жолын меңгеріңіз.
Универсариум
Кімдер үшін: барлығына арналған
Форматы: курстар
Тілі: орыс тілінде
Түрлі тақырыптар бойынша тегін оқыту курстарын осы сайттан таба аласыз. Тайм-менеджмент, креативтілік, бизнес-идеялар тақырыбы бойынша әлемнің үздің университеттерінің оқытушылары дәріс жүрізеді.