Тарихтағы ең бай адамдар

Тарихтағы ең бай адамдар

Бірнеше күн бұрын Англияда шығатын бір газет әлем тарихындағы ең бай адамдардың есімін жариялаған.

Тарихтағы ең бай адам ХІV ғасырдағы Батыс Африка патшасы Манса Муса екен. Оның өз кезіндегі мүлкі бүгінгі кездің өлшемімен есептегенде 400 миллиард доллар болған. ХХ ғасырдағы ең ауқатты жарна пірі Уоррен Баффетт бұл тізімнің ең соңын еншілеген. Осы ғасырдағы ең ірі бай Билл Гэйтс және Карлос Слим жеке-жеке 12 және 22-орынға тіркелген.

Манса Муса

Ротшильдалар

Джон Д. Рокфеллер

Бұл байлар тізімінің уақыт өлшемі 1000 жыл көлемінде. Есімі тізімге жарияланғандар мал-мүлкінің жалпы құны 4 триллион 317 миллиард доллар шамасында. Бұл тізімде әйелдер жоқ. Бұлардың 14-і Америкалық. Қазірге дейін тек үшеуінің ғана көзі тірі. Олар: Уоррен Баффетт, Билл Гэйтс, Карлос Слим. 

Карлос Слим

Билл Гэйтс

Уоррен Баффетт

Бұл тізімнің екінші орын иегері Ротшильдалар әулеті. Жалпы мүлкі 350 миллиард америка доллары. Бұл әулеттің жалпы экономикалық аумағына кен ашу, банк саласы, жеке мүлік басқару, аралас ауыл-шаруашылық өндірісі, ішімдік және қайырымдылық қоры кіреді екен. Джон Д. Рокфеллер бұл тізімнің үшінші орнында. Ол өз заманында Америкадағы ең ірі бай болған. 1937 жылы өмірден озғанда мал-мүлкі 340 миллиард АҚШ долларына тең болған.

Николас II

Генри Форд

Муаммар Каддафи 

Бұл тізімде тағы Шотландияда туылған америкалық миллиардер Эндрю Карнеги, Ресей шар патшасы Николас II, Үнді елінің кезіндегі билеушісі Усман Али Хан, Ливияның алдыңғы билеушісі Муаммар Каддафи,  «Форд» автокөлік компаниясының құрушысы Генри Форд та бар екен. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: businessinsider.com

Қ. Қауымбек