Гүлдер не айтады?

Гүлдер не айтады?
Фото: rodili.ru

ІІ Екатерина заманында гүлдердің түсіне қатысты арнайы түсінік қалыптастырып кеткен. Қызыл түс – махаббат, көгілдір – шын берілу, қара түсті гүл – қайғы, жасыл – үміт, сары түс – сатқындықты білдірген. Бұл орыстарда ғана бар түсінік. Гүл түсі әр елде әртүрлі мағына береді. Жапония мен қытайда ақ түсті гүл өлімнің белгісі болса, сары түс жарық пен күннің символы ретінде танылады. Ал гүлдердің шығу тарихы мен атауына байланысты өзіне телінген сөзі болады екен.

Ботакөз гүлі (незабудка) – "Мені ұмтыпа";
Бақытгүл (хризантема) – "Кеудемнен итерсең де, күтуден жылақпаймын". Оның сары түсі – махаббаты әлсіз екенін, ақ түсі – адалдықты танытады.
Итмұрын (шиповник) – "Саған сене аламын ба?";
Дәстүргүл немесе Әсел (Маргаритка) – "Ешқашан айтпаймын!" немесе "Барлық жақсылықты тілеймін!";
Бозғалдақ, бәйшешек, жауқазын – "Бақытты бол!";
Лалагүл (Жасмин) – "Дос болып қалуды қалаймын!";

Қалампыр (Гвоздика)
қызғыш түсі – "Сені ешқашан ұмытпаймын!";
сары түсі – "Кездесуден қашпашы";
ақ түсі – "Сүйіктім, тәттім";
алқызыл түсі – "Жүрегім ауырады...";
алабажақ түсі – "Бірге бола алмаймыз";
дала қалампыры – "Сен ғажайыпсың!";

Бозқараған, мамыргүл (Акация)
қызыл түсі - бекзадалық (джентельмен);
сары түсі - махаббат өлді;

Беде, жоңышқа (Клевер) – "Күтіп өтемін!";
Көктікен (Василек) – "Гүл секілді қарапайым бол!" немесе "Маған сен!";
Ойраншөп (Амброзия) – "Сезімнің қайта оралуы";
Көбелекгүл (Анютины глазки) – "Мені ойла";
Меруертгүл, қынжыгүл (Ландыш) – "Өміріме сән бердің" немесе "өзіңе айта алмасам да, мәңгілік сүйіп өтемін";
Қырмызы (Календула) – қатыгездік өкініш, қызғаныштың мұңы;
Резеда гүлі – "Сенің әдемілігің емес, мейірімділігің жанымды баурады";
Нәркес (Нарцисс) – "Жауапты махаббатты қалаймын";

Сүмбілгүл (Гиацинт) – "гулдердің саны қай күні кездесетінімізді білдіреді";
Қазтамақ (Герань) – "Сенімен құпия түрде сөйлесуім керек";
Ақкекіре, Қашғаргүл (Астра) – "Махаббатқа тұрақты бола аласың ба?";
Сәлдегүл, шұғынық, таушымылдық, жаушымылдық (Пион) – "Ымды неге түсінбейсің?";
Лаванда гүлі – Мен сені ұмытқан жоқпын";
Барқыт, шырмауық (Плющ) – "Отбасымыз берік болсын!";
Арбитус – "Тек сені сүйемін!";
Жыланқияқ, сарыгүл (Ирис) – "Менің тілегімді қабыл ал" немесе "Сенің достығың мен үшін аса құнды!";
Ырғай (Жимолость) – "Мәңгілік сендікпін!";
Глоксиния – "Бір көргеннен ұнаттым";
Құлқайыр (Мальва) - "Кеш мені!".

Ал сіз қандай гүл сыйға алғыңыз немесе сыйлағыңыз келеді?

@. @assel_assanova