Жиырма күндік періште гүл – пион

Жиырма күндік періште гүл – пион
Фото: PopSugar

 «Пионды бір жыл баптап, жиырма күн сүйесің»
Қытай нақылы

Пион гүліне қарап сүйсінбеу мүмкін емес. Ал ол туралы қызықты деректерді білгенде осы гүлге деген махаббатыңыз артып кетері анық.

Пион гүлінің атауына қатысты дерек көп, оны қазақтар  сәлдегүл; таушымылдық; шұғынық деп атайды.

Көп халық сәлдегүлдің бірнеше дертке ем болатын сиқырлы күшіне сенеді. 1800 жылдары бұл гүлді тек емдік мақсатта қолданған, Грекия сияқты елдерде пион өспейтін бақша болмаған. Емшінің барлығы дерлік дәрі-дәрмегіне міндетті түрде пион тамырын араластырған. Ол адамды тыныштандырып, ұйқысын қалыпқа келтіреді. Кейін оның кей сортын тамаққа дәмдеуіш ретінде де қосқан.

Жапон халқы пионды «Қытай дәрісі» дейді. Ал қытайлардың өздері бұл гүлге әлі күнге құрметпен қарап, «періште гүл» деп атайды. Қытайда пионның «жиырма күндік гүл» деген аты да бар. Себебі, шынында да, күлтелері үш аптадан артық өмір сүрмейді.

Бүгінде бұл гүлдің 4500 сұрпы белгілі. 1957 жылы Индиана штатында пионның атағы жер жара бастады, тіпті осы жылы бүкіл штаттың символы болды.

Пион – император гүлі, себебі оған арадан басқа жәндік жолай алмайды.

Ол сәуір мен маусым айлары аралығында гүлдейді.

Сәлдегүл көбінесе қызғылт, алқызыл түсте кездеседі. Алайда оның ақ, қызыл, маржан түстес, сары, қызғылт сары түсті түрі де бар.

Сіз осы күнге дейін ең үлкен гүл күнбағыс деп есептеген болсаңыз, қателестіңіз. Шұғынықтың кей сұрпы диаметрі 25 сантиметрге дейін жетеді.

Пионды бақшаға еккеннен кейін ең алғашқы жылы гүлдемейді.

Қарапайым халыққа пионды бақшасында өсіруге тыйым салынады. Бұл өте қымбат гүл болып есептелген, әлі күнге оны байлық пен танымалдықтың символы санайды. Бүгінде оны жақсылық, табыс тілеу мақсатында сыйға береді.

Пионды сатып аларда күлтесі ашылмаған түрін алған дұрыс, сонда ол ұзағырақ өмір сүреді.

Бүгінгі таңда пион гүлін тойда қалыңдық гүлінің қатарына қосу сәнге айналған. Себебі ол бақытты некенің, берекелі отбасының, мықты денсаулық пен адалдықтың нышаны.

Осындай себептерге байланысты әлемдегі ең сүйікті гүлдер қатарынан түспей келеді.

@. @assel_assanova