- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Әлемдегі ең қауіпті...
Әлемдегі ең қауіпті 10 у
У – тіршілік атаулыға қауіпті, зиянын тигізетін табиғи зат. Ерте ғасырдан бастап бүгінге дейін у қару ретінде қолданылып келді. Тек қару деуге де келмес, дәрінің орнына да пайдаланылған. У біздің айналамызда тіршілік етеді. Суда, шөпте, қанымызда да бар. «У» деген сөз кез келген дүниенің қауіпті екенін ескертеді. Бір тамшы у адамның өмірін жалмауы мүмкін.
Сіздерге әлемдегі адам өміріне ең қауіпті деп табылған он у жайында ақпарат береміз.
1.Ботулотоксин
Бір тамшы у адам өміріне зиян келтіретіндіктен олардың қайсысы ең улы екенін анықтау қиынға түседі. Дегенмен тәжірибе жасаушылардың ойынша, «ботулотоксин» ең улы органикалық зат.
Ботулизм – бұл дерт. Адамды сал қылып тастайтын, Clostridium botulinum бактериясын бөлетін нәрсе. Бұл у адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Ең соңында адамның жүрегін тоқтатып, тыныс алу мүшелерін бітеп тастайды.
2. Рицин уы
Рицин – табиғатқа тән у түрі. Ол кастор бұршақтарынан бөлінеді. Ересек адамның өмірін жалмау үшін оның бір түйірі де жеткілікті. Рицин адам ағзасындағы талшықтарды өлтіріп тастайды. Адам рицин уын жұту арқылы немесе ішке пайдалану арқылы улануы мүмкін.
Ауадағы у адамға сегіз сағат ішінде әсер етіп, тыныс алу мүшелерін бітеп тастайды. Оның негізгі белгілері – жүрек айну, мазасыздану, тыныс жолдарының ауаны дұрыс қабылдамауы.
Адам 36-72 сағат ішінде бұл удан көз жұмуы мүмкін.
3. Зарин газы
Зарин газы – ең улы және ең қауіпті газдардың қатарына жатады. Ол түссіз және иіссіз түрде кездеседі. Химиялық қару ретінде қолданылады. Адам бұл газдан ауаны жұту арқылы немесе көзге әсер ету, теріге сіңу арқылы уланады. Адам газбен уланған сәтте кеудесі қысылып, бүкіл он екі мүшесі жұмысын тоқтатады.
4. Тетродотоксин
Бұл у туралы айтқан кезде бірден жапониялық «фугу» есіңізге түсері анық. Ал білмейтін болсаңыз, абай болыңыз. Себебі тетродотоксин балық құрамында болатын у.
Бұл у адам ағзасында сал ауруларының белгісін тудырып, жүйке жүйесінің бұзылуына әсер етеді. Адам алты сағат ішінде тіл тартпай кетеді. Еске сала кетейік, жыл сайын жүздеген адам осы удың әсерінен көз жұмады.
5. Калий цианды
Калий цианды – адам өміріне қауіпті, тез әсер ететін у. Құрлысы кристалл тәрізді иіссіз газды болып келеді. Бұл уды кейбір өнімдердің түрлерінен кездестіруге болады. Мәселен шылымның құрамында болады. Сонымен қатар пластиканы өндіруде, алтынды рудадан бөліп алуда осы калий цианды қолданылады.
М. Ақан