Бас қатыратын сұрақтардың жауабы

Бас қатыратын сұрақтардың жауабы
Фото: vk.com

Сұрақ қойып жауабын іздеу, жұмбақ жасырып шешімін табу адамның ақылына сай қасиеті. Алдыңғы жазбамызда "бас қатыратын сұрақтар" деп бірнеше сұрақты өздеріңізге ұсындық. Ойланып-толғанып жауап беріп көрген болсаңыз, сұрақтың өз жауаптарына назар аударыңыз:

1. Халықаралық әуетасымалдаушылардың заңына сәйкес ұшақтың бір қатардағы орындығына қандай екі жолаушы қатар отыруына болмайды?
Жауабы: Мысық пен ит.

2. Иранда кондуктор не үшін автобус ішімен арлы-берлі жүрмей, тура ортада тұрады?
Жауабы: Ерлер мен әйелдерді екі жаққа бөліп тұрады.

3. 1445 жылы Мәскеуде аяқ астынан өз-өзінен қоңырау соғылып, жұрт мұны «ақыр заман» келді деп түйген. Дегенмен «ақыр заманды» 1091 жылы киевтіктер, 1230 жылы владимирлер, 1626 жылы соловчандар, мәскеуліктер тағы 1802 жылы көрді. Сонда бұл не болғаны?
Жауабы: жер сілкінісі.

4. Түбі бирмалық халық шошқа өсіріп, оларды қытай сатып, кейін қайта сатып алатын болған. Мұндай пайдасы жоқ сауданың кімге керегі бар?
Жауабы: будда дінінде оларды өлтіруге тыйым салынған.

5. Күн сайын Жер шары 400 тоннаға артып отырады. Ненің есебінен? 
Жауабы: космостағы ұшқындарға байланысты.

6. Ресей, Түркия және Мысыр елдерінде  қандай географиялық ерекшеліктер бар?
Жауабы: әлемнің екі жарты шарында жатыр.

7. Колумбияның Музо ауданында тауықты өлтіруге болмайды және тек мемлекеттік қызметкердің рұқсатымен ұстауға болады. Бұл қызық заңның ерекшелігі неде?
Жауабы: тауық асқазанында изумруд болуы мүмкін. Ол асқазанды тазалауға көмектеседі. 

8. Пеле өзінің «Мен – Пелемін» атты кітабын шығарғаннан кейін оған білім министірлігі алтын медаль берген. Не үшін?
Жауабы:  бұл кітапты оқу үшін көптеген адам сауаттылыққа ден қойған. 

9. Африканың тропикалық мекеніне қарай түнделетіп жол тартқан кей тұрғындар аяқтарын жәндіктер толған қапқа орап алады. Неге?
Жауабы: жол көрсету үшін (қап ішінде жанатын қоңыздар болады)

10. Әлемдегі ең қысқа өзен АҚШ жерінде орналасқан. Оның ұзындығы 134 м. Қысқалығымен қатар атауы да қызық. «Д» әрпінен басталатын ең қысқа өзеннің аты қандай?
Жауабы: "Д"

М. Ақан