Әй, аққулар, аққулар...

Әй, аққулар, аққулар...

Аққулар... Бұл бір ерекше жаратылысқа көз тастап тұрып сұлулығына таңдай қағып,"Аққу - махаббат құсы" деп жатамыз. Ал сол махаббаттың жаршысына айналған құстың өміріне кім үңіліп көріпті? Тек символ ретінде ғана қарап қою - ағаттық болар, сірә. Жағымды құстың жаратылысы мен өмірі жайында білгіңіз келсе, төменге назар аударыңыз!

Ақулардың қандай ерекше қасиеттері бар? Аққулар – өте ақылды құстар. Олардың есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс жасайды. Сол арқылы олар өздеріне жасалған жамандық пен жақсылықты үнемі ажырата алады.

Шипун-аққулардың көз көру қасиеті мен есту қабілеті жақсы дамыған.

Аққулар адамдарға қауіп төндіре ала ма? Аққулар өздеріне не көгілдірлеріне қауіп төніп тұрғанда мінез көрсететеніні болмаса, ешқашан да адамдарға шабуыл жасамайды.

Аққулар қалай көбейеді? Шипун-аққулары наурыз айына 5-10 жұмыртқа алып қалады да, ұрғашысы оны 5 аптада басып шығарады. Сол уақытта ата аққу ұрғашысы мен көгілдірлерін қорғап жүреді. Сонымен қатар, ата аққулар осы уақытта ұрғашыларын ауыстырып та отырады.

Аққулар бір-бірімен қалай тілдеседі? Аққулар бір-бірімен тілдесіп, бірін-бірі шақыру үшін көптеген ым мен ишараларды меңгерген. Олардың сондай дауыстары ашық аспан астында күшіктің үргені секілді естілсе, кейде мияулағандай дыбыс шығарады.

Жыныс жағынан аққуларды қалай ажыратуға болады? Көбіне ата аққу мен ұрғашылары біріне-бірі өте ұқсас болып келеді. Сондықтан оларды ажырату қиынға соғуы ықтимал.

Аққулардың ауызбіршілігі қандай? Көп жағдайда ата аққу мен ұрғашы аққу өздерінің ұрпақтары үшін бірігіп ас іздейді. Егер жұптары жазылып, бірінен-бірі ажырап қалатын жағдай бола қалса, «жаңа жар» іздеп табуға тура келеді.

Аққулар қашан есейеді? Аққулар өз өмірінің үшінші жылынан бастап ересек күйге ауысады да, осы жастан бастап айдында қосақтасып жүзе береді.

Аққулар немен қоректенеді? Аққулар жабайы табиғатта жәндіктермен, кіп-кішкентай балықтармен және бала бақалармен қоректенеді.

Аққуларда неше мойын омыртқа бар? Басқа құстарға қарағанда аққулардың мойындары ұзын болады. Сондықтан оларда 23 мойын омыртқа бар.

Аққулардың денесінде 23 000 шамасында құс жүні бар.

Аққулардың өмірі. Арнайы күтіммен хайуанаттар бағында өмір сүретін аққулар 30 жасқа дейін өмір сүреді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

 Суреттер: shkolazhizni.ru, lebedptica.narod.ru,

А. Әбілхан