- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ақылдыларға арналған жұмбақтар...
Ақылдыларға арналған жұмбақтар
Жаз мезгілі – оқудан да, кейбіріміз жұмыстан да босап, уақытты толығымен тынығуға, демалуға арнайтын уақыт. Енді бір сәт миымызды іске қосып, жұмбақ шешіп көрейік.
1. Күн мен түн немен аяқталады?
2. Кішкентай, сұр, пілге ұқсайды. Ол не?
3. Құлы патша мен патшайымға екі стақан су әкеліп берді. Патша бірден қылғытып салды, ал пайтшайым суды асықпай ішті. Екі суда да бірдей у бар еді. Патша аман қалды да, патшайым о дүниелік болды. Себебі?
4. Теңізде қандай тас жоқ?
5. Кім әлемдегі барлық тілде сөйлей біледі?
6. Ақ, кәрі болады, жасыл жап-жас болып келер.
7. Қайыңда тоқсан алма өсіп тұр. Жел соққанда, он алма ұшып кетті. Қаншасы қалды?
8. Аға береді, аға береді, ағып бітпейді. Қуа береді, қуа береді, жүгіріп жетпейді.
9. Басы бар, миы жоқ. Ол не?
Дұрыс жауабы кешке шығады. Өз нұсқаңызды пікірге қалдырыңыз.
@. @assel_assanova