Оқи отырыңыз

Қазақ кедейлікке көмбіс, байлыққа шыдамайды екен.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Білім күні неге бірінші қыркүйекте?

Білім күні неге бірінші қыркүйекте?

Білім күні неге бірінші қыркүйекте?

Ертең бірінші қыркүйек... Сары күздің ең алғашқы күнінде мектептердің есігі миллиондаған оқушылар үшін айқара ашылмақ. Он бір жыл бойы дәл осы мерекені атап өтіп жүріп, «Білім күні» неге бірінші қыркүйекте аталып өтетіндігін ойланып көрдіңіз бе? Әй, қайдам?! Ендеше бүгін осы сауалдың жауабын бірге іздейтін боламыз.

Қыркүйектің бірі – ерекше күнтізбелік күн

Аталған күннің шығу тарихын іздегіміз келсе, б.з. ІV ғасырларға сапар шегуімізге тура келеді. Мұның сыры мынада: 325 жылы атақты Рим императоры Константин әлемді таң қалдырған алып шіркеу тұрғызып, бірінші қыркүйек күні Жаңа Жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады.

Алайда қаулы бірден өз күшіне еніп кете алған жоқ. Ресейде және басқа да мемлекеттерде Жаңа Жыл наурыз-сәуір айларында атап өтіліп жүрді. Жүздеген жылдарды араға салғаннан кейін, 1492 жылы ІІІ Иоаннаның бұйрығымен Жаңа  Жылды тойлау дәстүрі бірінші қыркүйекке ауыстырылады.

Бірінші қыркүйек – Білім күні

Бұл жылдары мектептер шіркеу қабырғаларында орналасқандығынан хабардар боларсыз. Осы себепті оқу жылының басталуы Жаңа Жылмен бірдей етіп белгіленеді. Айтпақшы, бұл күні Жаңа Жыл, Білім Күні мерекелері ғана емес, салық жиналатын күн болған. Және дәл осы күні патшалықтың мұрагерін таныстыру шаралары өткізіліп, «Дәндер» күні де атап өтіледі екен. Дәстүр бойынша, мерекеде адамдар өз аулаларындағы ағаштарға ленталар байлап, шырақтармен, моншақтармен безендірген.

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

Иоаннаның жарлығынан кейін кыркүйектік «жылбасы» жалғаса берген болатын, тек 1699 жылы Еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа Жылды тойлау бірінші қаңтарға ауыстырылды. Бір қызығы, дәл осы жыл – төрт айға ғана созылған екен (1 қыркүйек – 1 қаңтар). Неге оқу жылының басталу күні өзгертілмеді? Өйткені, жылдың төрт айға созылуына рұқсат берілсе де, оқушылардың білім алуына кедергі келтіруге болмайтын еді. Олай болған жағдайда, балалар бір сыныпты төрт айда аяқтап тастаулары керек болатын. Ал бұл мүмкін емес. Бір жағынан климаттың да әсері болғанға ұқсайды, өйткені оқушыларға күздің қара суық күндеріне қарағанда жаздың жаймашуақ күндерінде демалған әлдеқайда ыңғайлы еді.

Осылайша, жұмбақтың шешуін де таптық! Оқушылардың мектепке қыркүйектің бірінде баруларының себебі: бағзы замандарда бұл күні күздің алғашқы күні ғана емес, күнтізбенің алғашқы күні басталатын болған. 1984 жылдан бастап, «Білім күні» күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды.

Сурет: sunhome.ru, bilimkozy.idhost.kz, almaty-akshamy.kz, pm.kz

Дайындаған: Ардақ Құлтай

17120 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 01 қыркүйек 2013, 11:45
Пікірлер
+0
31 тамыз 2012, 12:19

1 қыркүйектің Жаңа Жылмен қатысы бар деп ойламаппын )

+0
31 тамыз 2012, 12:21

Менің сіңілім мектепке барады!!! Бантик тағып оқушы болған түрін көруге асығып жүрмін :)

+0
31 тамыз 2012, 12:27

Маған өте ыстық күн. Ертең тіпті мектепке де, униерситетке де бармайтыныма сене алмай отырмын.

+0
01 қыркүйек 2013, 15:12

өте қуанышты күн! үш ай бойы көрмеген достарынды көресін!

+0
01 қыркүйек 2013, 16:03

ККүзде оқыған жақсы сияқты, біраз есеп беріп өзіңде реттеліп қаласың ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...