Адам ұйқы үстінде де ақпарат қабылдай алады

Адам ұйқы үстінде де ақпарат қабылдай алады

Адам баласы ұйқы кезінде де жаңа ақпарат қабылдап, талдай алады.

Бұл жаңалық израильдік ғалымдардың соңғы тәжірибесінен кейін белгілі болды. Nature Neuroscience журналының айтуынша, ғалымдар ұйқыдағы адамдарға түрлі иіс иіскетіп, әрбір иісті белгілі бір дыбыстармен сүйемелдеп отырған. Тәжірибе астындағы адам оянған соң оған бұрын ойналған дыбыстардың бірін естірткен. Нәтижесінде оның тынысының тереңдегендігі әрі баяулағандығы байқалған.

Ғалымдардың ойынша, бұл жаңалықты ұйқымен байланысты дерті бар адамдарды емдеу кезінде пайдалануға болады. Зерттеушілер өз жұмыстарын жалғастыра түсіп, мидың қаншалықты күрделі ақпарат қабылдай алатындығын білеміз деп отыр.

Бұған дейін адам баласының ұйқы үстінде жинаған білімін бойына сіңіретіндігі дәлелденген еді. Ғалымдар, сонымен қатар, адамның ұйқы кезінде сөйлем формасындағы ақпаратты да қабылдай алатындығын дәлелдегісі келген еді. Дегенмен бұл гипотеза расталған жоқ.

сурет: mikrosreda.com