Болашақ: Білім мен энергия

Болашақ: Білім мен энергия
Фото: cont.ws

Технологияның күрт дамуы әлемге қалай әсер етеді? Энергияны қайдан, қалай алады? Қоғамда денсаулық сақтау, білім алу, өндіріс саласы қалай өзгереді?

Калифорния университетінің заманауи технология мамандары инновация болашақта әлемге қалай әсер ететініне болжам жасаған. Жорамал бойынша, білім беруде қандай өзгеріс бар және энегрия көзі әлем тұрғындарына қалай қызмет көрсетеді екен?

Виртуалды әлем

1. Виртуалды әлем біз ойлағаннан да көп есе артады. Оны шынайы өмірден ажырату мүмкін болмайды. Бұл болашақтың әрісінде болатын жағдай.

Энергия

1. Күн көзінен энергия алу арзандайды, сол себепті оның көмегіне жиі жүгінетін болады.

2.  Энергияны алуға қарағанда энергияны сақтауға және тасымалдауға көп көңіл бөлінеді.

Білім

1. Мансап жолымен көтеріліп, білімді болуы үшін көп оқу керек болады. Білім ешқашан жойылмайды. Технологиялар орнағанмен, оның бәрі адам санасымен жасалатын дүние. Қара жұмысқа қарағанда, мимен жұмыс жасау көбейеді. Себебі күшпен жасалатын жұмыстар автоматтандырылады, роботтандырылады. Адамдар басқару, ұйымдастыру істерімен айналысады.

2. Келешек ұрпақтың көпшілігі технолог, инженер мамандығымен, шығармашылықпен айналысады.

3. Технологиялық жаңалықтарды аша білген компаниялар ізденуін тоқтатпаса, Жер ғаламшары тұрғындарын технологиялық үрдіске ілестіре алады.

Г. Берік