Әлемдегі ең ерекше тулар

Әлемдегі ең ерекше тулар

Сіз әлемдегі ең ежелгі мемлекеттік ту жөнінде не білесіз? Әлі де тутұғырдан түсе қоймаған бұл рәміз даниялық Даннеброг деп аталады.

Тудың дүниеге келу аңызы XIII ғасырдан бастау алады. 1219 жылы 15 маусымда даниялықтар билік басындағы эпископтар мен патшаларға соғыс ашқаны үшін эстондықтармен Таллин бойында соғыс жүргізген. Қолын аспанға көтерген патшадан қызыл түсті матаға үлкен крест белгісі салынған жалау желбірегенде даттардың мұрындарына жеңістің иісі келген. Сол кезде жеңістің жаршысы болған ту – Даннеброг ед... Рухтанған даттар жауды тудан келген күшпен жеңген деседі. Бірақ бұл жөніндегі айғақтар тек ауызша ғана сақталған.

Ал әлемдегі ең жас ту – 1977 жылы қабылданған Ливия елінің байрағы. Сонысымен де бұл ту ең ерекше байрақ саналады. Сонымен қатар, мына қызыққа қараңыз: тек қана бір түстен құралған туда ешқандай да суретті бейне жоқ.

Жалаудағы жасыл түс мемлекеттің басты діні саналатын ислам дінін білдіреді. Оның үстіне Ислам социолизмінің кітабы  «жасыл кітап» аталатындықтан да осы түс таңдалған.

Ал сіз Филиппин туының ерекшелігі туралы қызықты ақпаратты білесіз бе? Олардың байрақтары түсін ауыстырып тұрады. Бұл рәміз – соғыс кезінде тудағы түстер бір-бірімен ауысатын әлемдегі жалғыз жалау.

Егер Филиппин туындағы қызыл түстің жоғарыда, ал көк түстің астыда тұрғанын байқасаңыз, онда ол жақта соғыс жүріп жатқанын аңғаруыңызға болады.

Неге Челябинск облсысының туында түйе бейнеленген? Ол жақта түйе жануары мүлде кездеспейді ғой...

Оның себебін мынамен түсіндіруге болады: 19 ғасырда қаланың басты кірісі керуен жолының саудасынан келеді екен. Сондықтан да олар түйені қадір тұтқан.

Мозамбиктің туы — Калашников автоматы бейнеленген әлемдегі жалғыз жалау.

Автомат мемлекеттің елтаңбасына да сән беріп тұр. Сонымен қатар, осы жерде автомат бейнеленген Зимбабве мен Шығыс Тимордың елтаңбаларын да атауға болады.

Парагвайдың туында да ерекшелік басым. Тудың екі бетінде екі түрлі бейне бар.

Байрақтың бір жақ бетінде елдің елтаңбасы бейнеленсе, ал екінші жақ бетінде қазыналықтың таңбасы бар.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: arstyle.org,kolizej.at.ua, travelplanet.by, yaplakal.com, abali.ru, wallpampers.ru, stranz.ru