- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жапондар болаттан қатты...
Жапондар болаттан қатты айна шығарды
Токио университетінің жанында құрылған Өндірістік ғылымдар Институтының ғалымдары төзімділігі болаттан жоғары айна молекуласын жасады. Сынақтан сәтті өткен айна құрылыс жұмысының технологиясын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар, мұндай айна көлік және мобильді гаджеттерді құрастыруда таптырмас өнім болары анық.
Айнаға жоғары төзімділікті беретін компонент глинозема деп аталады. Ол алюминий металы мен кремний тотығынан дайындалады. Жапон ғалымдарының айтуынша, ғылымда Young's modulus деген атауға ие болған болаттың ең жоғары төзімділікке ие түрі де инновациялық айнаға төтеп бере алмайды.
Айна төзімділігімен қатар, оптикалық функцияларын да толық сақтай алған. Сонымен қатар, ол жұқа әрі жеңіл бола алады. Зерттеу жобасының жетекшісі Атсунобу Мэзуноның (Atsunobu Masuno) айтуынша, бұл технологияны жаппай қолданысқа енгізу үшін бес жыл уақыт керек. Аталған уақыт мерзімінде өнім кәсіби қолдануға дайын деңгейге жеткізілмек.
Ж. Өрісбай