Динозаврлардың өлімінің себебі айтылды

Динозаврлардың өлімінің себебі айтылды

Канадалық ғалымдар динозаврлардың жер бетінен жойылып кетуіне себеп болған метеориттің іздерін тапты. Естеріңізге сала кетелік, зерттеушілер екі жыл бұрын Арктикадағы Виктория аралынан диаметрі 25 км болатын кратерге ұшырасқан болатын.

ва

Динозавр. Көрнекі сурет.

Ғалымдардың айтуынша, бұл кратер жер бетіне жауған метеорлық жауынның себебінен пайда болған. Бұл оқиға жердегі климаттың өзгеруіне себеп болыпты. Осының әсерінен Арктикада мекен еткен динозаврлар түгелдей қырылып, жет бетінен жойылып кеткен екен. Зерттеушілер сөз етіп отырған оқиға шамамен 150-350 миллион жыл бұрын болған.

ва

Виктория аралы. Арктика.

Қазіргі уақытқа дейін кратер көп өзгеріске ұшыраған. Бірақ оның рельефі ғарыштық материяның әсері екендігін айқын көрсетіп тұр. Мамандар осынша үлкен шұңқыр диаметрі 5 км шамасындағы метеориттің себебінен пайда болған деседі.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: 900igr.net