- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- NASA Плутонда түсірілген...
NASA Плутонда түсірілген видеоны көрсетті
NASA америкалық ғарыш аппараты YouTube ресурсындағы арнасына бірегей видео жүктеді, онда New Horizons ғаламшараралық зондының Плутонды айналған сәті бейнеленген, - деп жазды tengrinews.kz тілшісі.
Ролик суреттер сериясынынан жасалған, олар 2015 жылдың 14 шілдесінде ғаламшардан 77 мың шақырым қашықтықта түсірілген. Видеода New Horizons аппаратының "Норгей" тауының аймағында ұшқаны көрінеді. Айта кетейік, бұл тау өз атауын Эверестке бірінші болып жеткен екі саяхатшының бірінің құрметіне берілген. Ал "Спутник" шоқысының атауы Жердің кеңестік тұңғыш жасанды серігінің құрметіне берілген.
NASA ғарыш агенттігінің 2006 жылы ұшырылған New Horizons зонды Плутонды және оның табиғи серігі Харонды зерттеуге арналған. Бұған дейін Плутонның суреттерін Hubble ғарыш телескопынан алынып келген, алайда бұл суреттер ғаламшардың қандай екенін көрсете алмайтын. Жақында ғана Плутонның маңынан ұшқан "Нью Хорайзонс" NASA зонды планетаның сыртқы қабаты түсірілген сапалы суреттерінжариялады. Суреттен Жердің алғашқы жасанды серігінің құрметіне аталған "Спутник" аймағының мұзды қабатын көруге болады.
Плутонның бедеріндегі мұзды таулар. © instagram.com/nasa
Харонның бетіндегі қара аймақ. © instagram.com/nasa
Қ. Бүйенбай