Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Плутонның ең үлкен спутнигі суретке түсірілді

Плутонның ең үлкен спутнигі суретке түсірілді

Плутонның ең үлкен спутнигі суретке түсірілді

NASA ғарыш агенттігінің «Жаңа Көкжиектер» зонды Плутонның ең үлкен спутнигі Харонның суретін жолдады. Аппараттың LORRI атты құрылғысы жаңа суретті 13 маусым күні Хароннан 466 шақырым қашықтықта тұрып түсірген.

Харонның анық суреті оның бедеріндегі таулар мен ойықтардың бар екенін дәлелдейді. Суретттің оң жақ жоғарғы бетінде тереңдігі шамамен 7-9 шақырымды қамтитын шатқал көрінеді. Дегенмен Харонның бетінде кратердің болмауы ғалымдарды таңдандырып отыр. Бұл Плутон спутнигінің жақында қалыптасқанын дәйектейді.

Кез келген аппарат Жерден алыстаған сайын оның ақпарат жіберу жылдамдығы да азая түседі. Мысалы, «Жаңа Көкжиектер» зонды Юпитер маңынан ұшып бара жатқан кезде, оның Жерге ақпарат жеткізу жылдамдығы секундына 38 килобайт болса, Плутонға жақындаған кезде жылдамдық секундына 1 килобайтқа дейін төмендеген. Жіберілген ақпаратты Жерде Deep Space Network деп аталатын желі антеннасы қабылдайды. Антеннаның ұзындығы 70 метр болып,  NASA агенттігінің арнайы тапсырысы есебінде салынған. Сонымен, 1 килобайт мәліметті жеткізу үшін 8 минут уақыт жұмсалады. Ал 1 мегабайт ақпаратты жеткізуге 1024 секунд немесе шамамен 17 минут қажет болады.

Харонның солтүстік полюсіндегі қара аймақ ғалымдарды бұрыннан қызықтырып келген еді. NASA ғалымдары қара түсті аймақты сурет арқылы зерттеген соң, оған «Мордор» деп ат беріпті. Айта кетелік, «Мордор» сөзі Джон Толкиннің «Сақиналар әміршісі» атты трилогиясындағы сақина жасалған таудың аты ретінде қолданылған. Енді америкалық инженерлер Мордордың құпиясын ашу үшін «Жаңа Көкжиектер» аппаратынан сапалы сурет күтеді. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: nasa.gov
Қосылған күні: 17 шілде 2015, 13:36

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.