Қытай әлемнің жас ғалымдарын өзіне шақырады

Қытай әлемнің жас ғалымдарын өзіне шақырады

Қытай ғылым академиясы «100 жаңа талант» бағдарламасын ашық деп жариялады. Бағдарлама бойынша Қытай Халық Республикасы дүниежүзі елдерінен 100 жас ғалымды шақырып, оларға ғылым мен техника салаларында жаңалық ашу туралы тапсырма бермек.

«Синьхуа» агенттігінің ақпаратына сәйкес, 35 жасқа дейінгі жобаға қатысушылар өз оқуларын Қытайда жалғастыру мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін кез келген қатысушы инновациялық немесе ғылыми жаңалық ашып үлгерген болуы тиіс. Жоба бойынша шақырылғандар тұратын орын және жұмыспен толық қамтамасыз етілетін болады.

Академия басшысы Бай Чуньлидің айтуынша, 2009 жылдан бастап бағдарлама аясында дүниежүзінен 2,3 мыңдай ғалым келген. Айта кетсек, Қытай ғылым академиясы 1949 жылы Бейжіңде құрылды. Бүгінде оның құрамына 100-ден астам ғылыми-зерттеу институты, 12 еншілес академия, екі жоғары оқу орны мен бүкіл ел бойынша көптеген филиалы кіреді. Ал Академияның ғалымдар құрамы қазіргі кезде 48,5 мыңға жеткен.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Көлік сатып алушыға 5 кеңес
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді