- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Хемингуэй мен...
Хемингуэй мен мысықтар
"Нағыз еркектің" образын жасап шығуға барын салған, әлемнің ең танымал жазушысы Эрнест Хемингуэйдің көзіне мысықтар кішкентай жаратылыс сияқты болып көрінген. Мүмкін, кішкентай арыстандар сияқты болып көрінген де шығар. Мүмкін...
"Қош бол, майдан" секілді туындыларды жазып шыққан жазу үстелін көру үшін жыл сайын мыңдаған адамдар осы бір атақты жазушының үйіне келіп-кетіп тұрады. Оған қоса қосымша аттракцион бар. Аталған аттракционда жарты гектарға жуық жерде жүзге тарта мысықтар жүреді. Олардың бәрі Эрнестке кезінде (1935 жыл) таныс теңізші досы сыйлаған "Снежка" атты мысықтан тараған ұрпақтар екен.
Қазіргі таңда осынау мысықтардың атақ-даңқы өз иелерінен асып түспесе кем емес. Эрнест Хемингуэйдің мұрасын сақтап отырған Мэри есімді үй қызметшісінің айтуы бойынша, мыңдаған келім-кетімің жартысына жуығы осы бір мысықтар үшін келетін болып шықты.
Сурет:ultipes.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига