2006 жылы 19 қаңтарда «Жаңа көкжиектер» атты алып ғаламшараралық станция Плутон мен оның табиғи серігі Харонды зерттеу мақсатында ұшырылған болатын. Аппараттың толық миссиясы 15-17 жылға есептелген. «Жаңа көкжиектер» Жерден секундына 16,26 шақырым жылдамдықпен ұшып кетті. Ал оның Күнге бағытталып ұшатын жылдамдығы секундына 45 шақырымға дейін жетеді. Бұл жылдамдық көрсеткішімен «Жаңа көкжиектер» ғаламдағы ең жылдам ғарыш аппараты атанған еді.
Дегенмен жоғарыда аталған көрсеткіштерден де асып өтетін өзге аппарат бар. Voyager зондының екі аппараты жылдамдық пен қашықтықты бағындыру бойынша жаңа рекордқа жетті. Олар Юпитер, Сатурн, Нептун ғаламшарларының суреттерін жіберіп, Күн жүйесінен тысқа бағытталып барады. 2014 жылдың 22 ақпанында «Вояджер-1» Жерден 19 миллиард шақырым алыста бара жатқан еді. Ал оның жіберетін суреттері бізге 10 сағатта жетіп келеді екен.
Ғарыштық аппараттар осыншама алыс қашықтықтан сурет немесе ақпаратты қалай жібереді? Бұл орайда «Вояджер» 23 ватты радиотасымалдау құрылғысын қолданады. Оның қуаты аз болғанымен, тың ақпарат алуға мүмкіндік беріп отыр. Ал радиотасымалдау құрылғысының жіберген ақпаратын Жердегі қуатты радиостанциялар қабылдап алады. Алып радиостанциялар үлкен антенналармен жабдықталған. Ал Жер мен Вояджердегі антенналар бір-біріне қаратылған.
«Вояджер» ғарыш аппараты 8 гигагерцті диапазонда ақпарат жібереді. Себебі бұл жиілікте кедергілер аз болады. Ал Жердегі антенналар сигналды бірден қабылдап, қысқа уақытта кері ақпарат жіберіп үлгереді.
Сурет: www.spacetoday.org
Ұқсас жазбалар:
Ғалымдар Жердің мантиясын 3D-картаға түсіреді
Жапондар ғарыштағы алғашқы Күн электр станциясын салады
NASA әлемдегі ең қуатты қозғалтқышты сынап көрді (Видео)
Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда