Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Төрт жұлдызы бар экзоғаламшар анықталды

Төрт жұлдызы бар экзоғаламшар анықталды

Төрт жұлдызы бар экзоғаламшар анықталды

Жерден 136 жарық жылына тең қашықтықта орналасқан, айналасын төрт жұлдыз қоршаған газды алып анықталды. KIC 4862625 атауына ие 30 Ari жүйесінде орналасқан экзоғаламшардың салмағы Юпитерден 10 есе көп және Күнді 335 күнде бір айналып шығады. Осы сынды ғаламшарлар галактикамызда сирек кездеседі.

Бұл туралы АҚШ-тың Пасаден қаласындағы NASA реактивті қозғалысты бақылау зертханасы хабарлап отыр. KIC 4862625 ғаламшары Тоқты шоқжұлдызында орналасқан. Айта кетсек, бұл ғаламшардың айналасында төрт жұлдыздың бар болуы осыған дейінгі ғаламның құрылымы туралы тұрақты теорияларды жоққа шығарады. Мысалы, аталған ғаламшардың негізгі айналатын жұлдызынан бөлек тағы үш жарық беруші нысаны бар. Егер оны да жүйедегі ғаламшар дейтін болсақ, ол негізгі жұлдызды айналуы тиіс. Мұндағы өзге үш нысан дербес жағдайдағы тұрақты күйін сақтап тұр. Демек олар ғаламшар емес, жұлдыздар. Сондықтан бұл жаңаша құрылымға ие дербес төрт жұлдызды қамтитын үлкен Күн жүйесі болып отыр. Бірақ ең жақын жұлдыздың өзі 1670 астрономиялық бірлікке тең қашықтықта жатыр.

Ал бір астрономиялық бірліктің Жер мен Күннің ара қашықтығына тең екені белгілі, яғни 150 миллион шақырым. Жұлдыздардың бір орында шоғырлануын ескере отырып, ғалымдар жаңа ашылған ғаламшарда өмір бару болу мүмкіндігін жоққа шығаруда.

Суретте бейнеленген көк түсті жұлдыз KIC 4862625 ғаламшарының орталықтағы Күні болып табылады. 30 Ari жүйесі осыдан бірнеше жыл бұрын ашылып, бір ғаламшар мен үш жұлдыздан тұратын жаңа жүйе деп танылған еді. Ал жаңа зерттеулер құрамындағы жұлдыздың төртеу екенін дәлелдеп отыр.

Заманауи технологияның көмегімен қазіргі кезде жұлдызды жүйелердің әртүрлі нұсқалары анықталуда. Мысалы, бір жүйеде беске дейін жұлдыздар шоғырлануы да кездеседі. Расымен ғаламның біз білмейтін қырлары әлі де көп.

Зерттеушілердің ендігі межесі айнала орналасқан жұлдыздардың ғаламшардың даму үдерісіне ететін әсерін анықтау болмақ. Мұндай жүйедегі ғаламшарлар өз орбитасын ауыстырып қана қоймай, массаларының өзгеруі де мүмкін.

Зерттеу жұмыстары Astronomical Journal ғылыми журналында жарияланды. 

Сурет: www.nasa.gov

Оқи отырыңыз: 

Еуропадағы ең алғашқы ғарыш айлағы Ұлыбританияда құрылады

Назарбаев Университетінде Нобель сыйлығының лауреаты жұмыс істейді

Гипотеза: Күннің құрамында қара материя болуы мүмкін

Ғалымдар Күн сәулесінен сұйық жанармай алу жолын тапты

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 07 наурыз 2015, 16:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.