Барак Обаманың әйелі...

Барак Обаманың әйелі...

Америка президентінің әйелі Мишель Обаманың арғы атасының кім болғанын білесіз бе? Осы сұрақтың жауабын Рейчел Суорнстың "Америкалық түс кілем: Мишель Обаманың әр түрлі мәдениеттегі ақ пен қара нәсілді аталары" атты кітабынан табуға болады. Аталған кітапта Мишель Обаманың арғы-арғы атасы XVIII ғасырда Ирландиядан Солтүстік Америка құрлығына қоныс аударған құл иеленуші Эндрю Шилдс делінген.

Ал Шилдстің шыққан тегі нақты анық емес. Болжам бойынша, қазіргі таңда Ирландия мен Солтүстік Ирландия болып бөлініп кеткен екі елдің ортасындағы Ольстер провинциясының жергілікті тұрғыны болуы мүмкін. Және кейбір дерек көздері бойынша, 1852 жылы Шилдстің арғы ата-балалары 475 долларға қара түсті Мелвини есімді қызды сатып алған. Кейінірек Джордже штатындағы өз иеліктеріне алып барған. Ал сол қыздың ұлы Долфус Шилдс Мишель Обаманың арғы-арғы атасы болып келеді...

Суорнс кітапты жаза отырып, Долфустың әкесі Чарльз Шилдс (Эндрю Шилдстің немересі) деген тұжырымға келген. Оған себеп, Мелвинидің Долфустан басқа екі баласы болған. Нәтижесінде, қол астындағы күң бас бостандық алып, Каролинаның оңтүстігіне қоныс аударған. Сол елді-мекенде Долфус Мишель Обаманың арғы-арғы апасына тұрмысқа шыққан. 

Сурет:moizvezdi.ru

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига