- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- АҚШ-тың әскери спутнигі...
АҚШ-тың әскери спутнигі орбитада жарылып кетті
Жердің метеорологиялық бақылауын тізгінге алып, күнделікті ақпарат жіберіп отыратын америкалық әскери спутник ғарышта 43 бөлікке бөлініп кетті. Ғарыш аппараты соңғы жылдары ВМС және ВВС (АҚШ) басқаруында болған еді. Бұл туралы Space News хабарлап отыр.
АҚШ-тың Қорғаныс Министрлігі DMSP-F13 (Defence Meteorological Satellite Progam Flight 13) деп аталатын Жердің жасанды серігінің орбитадан шығып кеткенін хабарлаған болатын. 20 жылдық тәжірибесі бар спутниктің оқыста бағытынан ауысуына температураның күрт өзгеруі себеп болған-мыс. Аппарат қашықтан басқаруға келмей, жарылып кеткен. Расында бұл оқиға ақпан айының басында болған екен. Дегенмен ғалымдар нақты себебі анықталмай ақпарат беруден бас тартыпты.
Америкалықтардың ғарыштағы проблемасы туралы алғаш болып Колорадодағы ғарыштық стандарттар мен инновация орталығының аға ғылыми қызметкері Томас Келсо ақпарат берген. Оның айтуынша, 25 ақпан күні ғарышта қалқып жүрген DMSP-F13 спутнигінің қалдықтары (46 бөлік) табылыпты.
1995 жылы жүзеге асырылған DMSP-13 жобасы 10 жыл көлемінде нақты ақпаратты жылдам жіберіп отырған болатын. Бірақ кейіннен аталған жер серігі негізгі мақсатын тұрақты орындай алмай қойғаннан кейін DMSP жүйесіндегі екінші сатылы мақсаттағы қызметке ауыстырылған екен. Сондықтан бұл аппараттың жойылуы ғалымдарды көп ойландырып отырған жоқ.
DMSP-13 жасанды серігін ауыстыратын жаңа спутнигін 2016 жылы ғарышқа ұшыру жоспарланған.
Сурет: www.space.com
Оқи отырыңыз:
Астрономдар жарылған жұлдыздың қалдықтарын тапты
Space X компаниясы Түрікменстанның алғашқы ғарыш аппаратын орбитаға жеткізеді
Айдың бізге көрінбейтін жағында не бар? (Видео)
NASA климат өзгерістерін зерттеу үшін жасанды жерсерігін ұшырды
Ж. Өрісбай