- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Адам ауырғанда температурасының...
Адам ауырғанда температурасының жоғарылауының себебі не?
Кез келген адам ауырған кезде қалтырауға ұласатын температураның жоғарылауынан зардап шегеді. Денедегі температураның болмашы ғана өзгерісі ағзадағы қандай да бір процестің басталғандығынан хабар береді.
Дененің қалыпты температурасы Цельсий шкаласы бойынша 36.6 градус. Әрбір ауру температураның жоғарылауы немесе төмендеуімен өз көрінісін береді. Дәрігерлер температуралық тербелістер арқылы ауруды анықтай алады, бірақ сол қалпы температураның табиғатын анықтай алмайды.
Ағза температурасын өзгертуге ерекше ықпал жасайтын зат – тирогендер. Олар біздің ағзамызда иммундық жасушалардың жұмысының нәтижесінде немесе ауру туғызатын бактериялардың енуімен пайда болады.
Жоғары температураның әсерінен ағзадағы барлық процестер жылдамдай бастайды. Бактерияларды жоюға жауап беретін қан түйіршіктері жиі тыныс алуымыздың арқасында белсенділігін арттырады. Екінші жағынан, температураның жоғарылауы қандағы ақуыздардың бұзылуына алып келеді.
Сонымен қатар, температураның жоғарылауы – ағзада қажетті нәрлі заттар мен оттегінің жетіспеуі, жүрекке түсірілген қосымша күштердің нәтижесі екендігін де айта кетелік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: www.shutterstock.com/