Ғалымдар жарық жылдамдығын баяулата алды

Ғалымдар жарық жылдамдығын баяулата алды

Физикалық консерватизм теориясына сенсек, жарықтың жылдамдығы тұрақты. Бірақ оны өзгертуге болады екен. Шотландияның екі бірдей университетінің ғалымдары тәжірибе жүзінде ауа жоқ кеңістікте жарықтың жылдамдығын төмендете алған.

Глазго және Хэрриот-Уатт университеттерінің біріге жасаған эксперименті ғылымның жарыққа деген пайымын өзгертетін болады. Зерттеу нәтижелері Science Express ғылыми журналында жарияланды.

Расында жарықтың жылдамдығы адамзат үшін абсолюттік өлшем. Оның вакуумдағы жылдамдығы секундына 299 792 458 метр болып табылады. Жарық жылдамдығы су немесе айна арқылы өткенде бәсеңдейді. Ал ауа жоқ жерде болғандай керісінше арта түседі. Бұл бұрыннан белгілі құбылыс. Дегенмен жаңа зерттеулер нәтижесінде фотондардың өзіндік жылдамдығымен тікелей байланысты ғылыми теориялар өзгеріске ұшырамақ.

«Біз бірнеше оптикалық қағидаларды қолдана отырып жылдамдықты бәсеңдетуге қол жеткіздік», - дейді эксперимент жетекшісі Даниэль Джованни.

Ғалымдар жарық бөлшегі болатын фотондарды арнайы маска арқылы өткізеді. Бұл олардың кеңістіктегі ахуалын өзгертіп, жылдамдығын төмендете алды. Бір қызығы фотондар содан кейін вакуумды ортаға жетсе де, оның жылдамдығы артпапты.

Жаңа әдіс ауа бар кеңістікте де, вакуумды ортада да оң нәтижесін берген. Ендеше зерттеушілер өз тәжірибелерінің дәйегіне сүйеніп, толқындар теориясын өзгертпек.

Сурет: wallpaperssfree.com

Оқи отырыңыз:

Марстан тасқа қашалған мысық бейнесі табылды

26 қаңтарда үлкен астероид Жерге жақын ұшып өтеді

2015 жылғы ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар

Ж. Өрісбай