Ғалымдар жаңа металл түрін ойлап тапты

Ғалымдар жаңа металл түрін ойлап тапты

Су – тіршіліктің көзі. Дегенмен кейде жаңбырда да құрғақ күйін сақтауы тиіс болатын заттарға қорғаныс керек болады. Осы сынды проблеманың шешімін Рочестер Университетінің (АҚШ) мамандары ұсынады.

Ғалымдар жіңішке лазердің көмегімен суды резина секілді лақтырып жіберетін металл жасаған. Төмендегі макротүсіріліммен дайындалған видеодан ғажайып көріністі тамашалай аласыздар.

Әйткенмен де, әлемде гидрофобты металдан жасалған заттар көп. Бірақ олардың ешқайсысы бұл металмен бақталаса алмайды. Ғалымдардың негізгі мақсаты жаңа өндірілген металды әр түрлі салада пайдалану. Мысалы, ұшақ қанаттарының ұшу кезінде мұзға орануынан сақтайтын болады. Оны қолдануға болатын салалар өте көп.

Қазіргі кезде гидрофобты материал көбіне ыдыс-аяқтың сыртына пайдаланылады. Дегенмен күнделікті қолданыстағы асхана жабдықтары химиялық негізде дайындалғандықтан, олардың гидрофобты құрылымы төмен болып келеді.

Ал мына видеодан металды жасаушы туралы толық ақпаратты ғалымдардың өзінен аласыздар. Атап айтқанда, оптика профессоры Чунлей Гуо мен идея авторларының бірі, профессор Анатолий Воробьев жоба туралы айтып өтеді.

Ғалымдар төзімді әрі арзан металл түрін шығаруды мақсат еткен. 

Сурет: видеодан скриншот

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар қоғамға арнап ашық хат жазды

2015 жылғы ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар

Жапондар қолсыз ойнауға болатын фортепиано жасады

Америкалық науқас темір қолдарын сезе алады

Ж. Өрісбай